Атырау, 19 желтоқсан 08:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Қазақстанда жаңа саяси партия құрылмақшы», «Шүкеев кімге көмектесуге асығып жүр?», «Мамытбеков жаңа қызметке не үшін тағайындалды?», «Дін министрі "сақал ұзындығын" реттегісі келеді», «Зейнетақы жинағын алу шарты өзгерді».

3 055 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Хиджабқа тыйым: кемсіту ме, әлде мәжбүрлі шара ма?» - 1 ақпан - дүниежүзілік хиджаб күні, бірақ ресми мереке ретінде аталмайды. Кей елдерде, соның ішінде Қазақстанда да билік қыздардың мектепке хиджаб киіп баруына тыйым енгізді. Өзбекстан, Татарстан және Тәжікстан журналистері мұндай шектеу науқаны өз елдерінде қалай жүріп жатқаны жайлы және оған халықтың көзқарасы қандай екенін айтып берді.

«Дін министрі "сақал ұзындығын" реттегісі келеді» - Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі өзі әзірлеген заң жобасы арқылы Қазақстан заңдарына "деструктивті идеологиялық ағым" ұғымының анықтамасын енгізгісі келеді. 

«АҚШ санкция ықтималдығымен “Кремль есебін” жариялады» - АҚШ қаржы министрлігі жариялаған "Кремль есебінде" Ресей президенті Владимир Путиннің айналасындағы санкция салынуы мүмкін адамдардың аты-жөні белгілі болды. Есепке ілінген 210 адамның ішінде үкімет мүшелері, Путин әкімшілігінің қызметкерлері, олигархтар және "өзге де жоғары лауазымды саяси жетекшілер бар.

«Зейнетақы жинағын алу шарты өзгерді» - Биыл зейнетақы төлеу жүйесіне өзгеріс енгізілді. Енді салымшылар зейнетақы қорындағы жинағынан белгілі шектен асса көлемді ақша ала алмайды.

QAMSHY.KZ. «Мамытбеков жаңа қызметке не үшін тағайындалды?» - «Жесең тісіңе, жемесең түсіңе кіретін» ет мәселесі етқұмар қазақ үшін әлі де өзекті. Соны шешудің бес жылдық жоспарын жасап берген Асылжан Мамытбеков аграрлық саланың тізгінінен айырылып, банк жағалағалы бері ақпарат айдынынан көрінбей кеткен. Енді міне, дауылдан кейінгі жаңқадай су бетіне қайта шықты. Бұл жолғы қызметі де мал шаруашылығының маңы, дәлірек айтқанда, ет одағының төрағасы.

«Бандиттік Қызылорда. Қылмыс әлемінің серкесі әділ жазасын ала ма?» - Qamshy.kz ақпарат агенттігі Аппақ Сәбит деген лақап атпен танымал Сәбитбек Өмірзақов бастаған қылмыстық топтан зәбір көріп, денсаулығынан айрылған қызылордалық Нұрлан Тұрманов туралы жазған еді. 2013 жылы болған бұл оқиғаның әлі күнге нүктесі қойылған жоқ. 

«Түбімізге мақтаншақтық жететін шығар!» - Ақиқатты айтты екен деп  аш қандаладай талайтындар талай берсін, бірақ егер әлем халықтары арасында мақтаншақтықтан дүниежүзілік чемпионат өткізілсе бүгінгінің қазақтары Бас Бәйгені шаппай алары хақ.

ABAI.KZ. «Қазақстанда жаңа саяси партия құрылмақшы» -  Партия «Алаш» Халықтық Социалды-Демократиялық партиясы деп аталады екен. Оны құратын жігіт – Сырым Әбдірахманов. Танымал блогер. Биліктің монополист партиясы атанып үлгерген «Нұр Отанның» экс-мүшесі.

7KUN.KZ. «Қазақстанда 2018 жылдың ортасына қарай онлайн-сақтандыру енгізілуі» -  Сақтандыру компаниялары «Сақтандыру мен сақтандыру қызметі мәселелері бойынша кейбір заң актлеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасының қабылдануын күтіп отыр. Бұл туралы «Коммеск-Өмір» СК» АҚ басқарма төрағасы Олег Ханин БАҚ-на берген сұхбатында айтты.

RATEL.KZ. «Шүкеев кімге көмектесуге асығып жүр?» - Неге «ҚазАгро» ұлттық компаниясына жетімдердің жәрдемақысы қаржылық көмек ретінде берілмек.

«Қазақ ғалымдарының мақалалары қоқысқа кетті» - Жойылып кеткен  журналдарда еліміздің көрнекті ғалымдарының мақалалары тұрақты түрде шығып тұрған.

 

31 қаңтар 2018, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.