Атырау, 19 желтоқсан 09:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Қытайдың Орта Азиядағы, оның ішінде Қазақстанға қарағандағы саясаты өзгеріп жатыр ма?», «Айдос САРЫМ. “Ай” дейтін Асанов, “қой” дейтін Қожамжаров бар...», «Төреғали бізді Ресейден қорғайды», «Қазақстан Байқоңырдан қанша пайда тапты».

2 635 просмотра

INFORMBURO.KZ. «Қытайдың Орта Азиядағы, оның ішінде Қазақстанға қарағандағы саясаты өзгеріп жатыр ма?» - Қытай қазақстандықтарға визалық шектеулер енгізген. Ол – Қытайдың ішкі саясаты. Алаңдататыны, 2016 жылдан бар шектеулер қазір тіпті күшейіп кеткен. Қазір саудамен, емделуге бару үшін визаларды алуға Қытай жақтан арнайы шақырту керек.

«Қазақ неге қамшысын қолынан тастамаған?» - Қазақ қамшыны тек қол қаруы мен қорғану үшін ғана ұстамаған, адамның тілі жетпейтін жерде жеткізетін сияқты қасиеттері де бар деп қастерлеген.

BAQ.KZ. «Аспанға қарап, жұлдызды санамаңыз» – Үкiмет сағатында Мәжiлiс депутаты Нұртай Сабильянов ДСМ басшысы Елжан Бiртановқа медицина саласындағы проблемаларды атап бердi.

QAMSHY.KZ. «Экстрасенс: 2018 жылы Қазақстанда басшылар ауысады» - Экстрасенстерге біреу сенсе, біреу күмәнмен қарайды. Өзін ерекше қасиетке иемін деп жариялағандар арасында кәдімгі алаяқтар да, шын көріпкелдер де бар. Мұндай қабілет қайдан дариды? Экстрасенсорлық қасиетке машықтануға бола ма? Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі осы сауалдарды қазақстандық танымал көріпкел, «Экстрасенстер бәйгесінің»  жүлдегері Заман Сыпатаевқа қойып көрді.

«Сәуле Жанпейісова: Тұлпардың алдына есектің түсіп кеткені ұят» - Дәстүрлі әнші Сәуле Жанпейісова бүгінгі қазақ эстрадасына көңілі толмайтынын айтты. Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында фонограмманы жою мәселесін тағы көтерді.

AZATTYQ.ORG. «Франция қазақтары Моңғолия қазақтарына көмек берді» - Қақаған аязда қиналған Баян-Өлгийдегі қазақ отбасыларына Франция қазақтары көмір түсіріп беріп, киім-кешек таратты. Көмек алған отбасылар әлеуметтік желіде алғыс жаудырып жатыр.

«Тоқыраған кентте тұратын оралман қарттың үміті» - Алматыдағы «Арман» кинотеатрында Түркияда тұратын қазақтардың екі ұрпағының тағдыры жайлы баяндайтын «Стамбулдан шыққан қазақ» деректі фильмінің премьерасы болды. Кейіпкерлердің бірі - Қазақстанға көшкенге дейін көп жыл Түркияда тұрған ақсақал. Екіншісі - тарихи отанына оралуды енді ғана жоспарлап жүрген жігіт.

«Хантағы мен Ащысайдағы жапон тұтқындарының қорымы» - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында жапон тұтқындарының төрт қорымы бар. Қараусыз қалған бұл қорымдарда аты-жөні әлі күнге белгісіз соғыс тұтқындары жерленген.

ZHASALASH.KZ. «Айдос САРЫМ. “Ай” дейтін Асанов, “қой” дейтін Қожамжаров бар... Үшіншісін қайдан табамыз?» - Өткен аптаның басты жаңалығы – жоғарғы сот пен бас прокуратураның алқалы жиындары өтіп, олардың жаңадан тағайындалған басшылары Жақып Асанов пен Қайрат Қожамжаров өз ведомстволарына қатысты ойларын,  жалпы, елдегі құқықтық реформа тұрғысындағы көзқарастарын қоғамға жеткізіп,  ортаға салды.

«Голливудта көке-жәке жоқ» - Аселина Кучукова, Голливуд актрисасы.  Аселинамен ойда-жоқта, бір досымыздың үйіндегі дастархан басында таныстым. «Лос-Анджелесте тұрады, Голливуд актрисасы, сол жақта фильмдерге түскен» деген әңгімеден кейін журналистік қызығушылықпен Аселинаны әңгімеге тартып, өзі де ашық мінезді қыз екен, ә дегеннен шүйіркелесіп кеттік. Шынында, қазақтың қаршадай қызы Голливудта қайдан жүр? Жолы қалай түсті? Қандай жетістіктерге жетті? Біздің әңгімеміз осы сұрақтардан басталды.

RATEL.KZ. «Қазақстан Байқоңырдан қанша пайда тапты» - «Байқоңыр» кешені жалға берілгелі Қазақстан бюджетінің кіріс бөлігіне 2,645 миллиард АҚШ доллары түсті. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің «Халық коммунистері» фракциясының депутаттық сауалына берген жауабында айтылды.

«Бізге беймәлім Байзақова» - Атышулы блогер өзі туралы ешкім білмейтін сырларын ашты.

DALANEWS.KZ.  «Орыстың қолтығына кіретін өзіміз…» - Моңғолия Үкіметі төрағасының орынбасары сынды үлкен мансабын тастап, елге келген әйгілі ғалым, қоғам қайраткері Зардыхан Қинаятұлы осыдан шамасы бес жыл бұрын «Ұлт Times» басылымына сұхбат беріпті. Марқұмның осы сұхбатын “Qazaqtimes” көшіріп басыпты. Өзектілігін жоймаған, маңызын жоғалтпаған екен өйткені.

«Төреғали бізді Ресейден қорғайды» - Мұны түсіндіру үшін алдымен қоғамдық өмірімізде жиі сөз болатын “Егер Украинадағы жағдай бізде қайталанса, не болады?” деген риторикалық сұраққа жауап берген жөн.  


30 қаңтар 2018, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.