AZATTYQ.ORG. «Макс Боқаев: "Қазіргі жағдайда түрмеде отыру өкінішті де, ұят та емес"» - "Жер шеруіне" қатысқаны үшін сотталған атыраулық белсенді Макс Боқаев өзінің жаза өтеу мәселесіне қатысты Астанада өтіп жатқан сот процесіндегі үзіліс кезінде интернет байланысы арқылы Азаттыққа сұхбат берді. Тұтқын өзі қатысқан шеруде билікке қойылған кей талаптар Жер кодексіне енгізілген өзгерістерде ескерілмеді деп санайды.
«Тоқыраған кентте тұратын оралман қарттың үміті» - Алматыдағы «Арман» кинотеатрында Түркияда тұратын қазақтардың екі ұрпағының тағдыры жайлы баяндайтын «Стамбулдан шыққан қазақ» деректі фильмінің премьерасы болды. Кейіпкерлердің бірі - Қазақстанға көшкенге дейін көп жыл Түркияда тұрған ақсақал. Екіншісі - тарихи отанына оралуды енді ғана жоспарлап жүрген жігіт.
«Желіні "жау" көрген Иран шетелдік БАҚ-қа шүйлікпеді» - Толқудан кейін Иран билігі әлеуметтік желі мен мессенджерлерді бақылауды күшейту амалдарын қарастырып жатыр. Бұрынғы наразылықтарда үнемі шетел баспасөзін кінәлап келген идеологтар бұл жолы оны ұмытып, әлеуметтік желіден "жау" бейнесін іздестіре бастады.
QAMSHY.KZ. «Онлайн несие беретін компаниялар өз пайдасын ғана ойлайды» - Қарызға ақша алу үшін ұзын сонар кезекке тұрып, қыруар құжат жинап, арнайы несие рәсімдеуші едік. Қазір Қазақстанда қысқа мерзімге несие беретін компания көбейген.
«Сақ болыңыз! Ұтысыңыз бәле болып жүрмесін» - Алмас Мелісұлы Art Asia туристік компаниясымен келісімшартқа отырып, шетелде отбасымен демалуды жоспарлаған. Алайда Интернетте Art Asia туралы халықтың жағымсыз пікірі көп болғандықтан аталмыш компанияның қызметінен бас тартқан. Өзара келіспеушілік осыдан басталды...
365INFO.KZ. «”Жұмыстан соң таксовать етеді…”. Басы істейтіндер Қазақстаннан неге кетіп жатыр» - Соңғы кездері Қазақстан азаматтары шетелге көптеп кете бастады. Оның ішінде белгілі саясаттанушы Уәлихан Төлешов, Америкадан ат басындай қалап алдыртқан атақты профессор Кен Әлібек, танымал қажыгер Марғұлан Сейсембаев та бар.
TURKYSTAN.KZ. «Бақылаусыз баға мен түсініксіз қымбаттау» - Еліміздегі әуежайлар шетелдік рейстер үшін тариф құнын шарықтатып жіберді. Бұл әуе тасымалдаушы компанияларының ашуына тисе керек, өткен аптада авиакомпаниялардың өкілдері елордада бас қосты.
ABAI.KZ. «Махамбет туралы жаңа дерек» - Соңғы кезде құпиялық грифі алынған орыс офицерлерінің, зерттеушілерінің күнделік, естелік жазбаларын қазақшалап жүрмін. Солардың арасынан жақында бір орыс офицерінің «Хиуа жорығы» (Орыс офицерінің күнделігінен үзінділер, қараша 1839 жыл) деген жазбаларының ішінен Махамбет Өтемісовке байланысты жазғандары кездесті.
«Қазақстан үшін Сталин өлмеген бе?» - Қазір әлемді жаулаған әлеуметтік желі Британия мен Франция бірлесіп түсірген «Сталиннің өлімі» атты көркем фильмді талқылап жатыр. Талқылайтын несі бар дерсіз, мүмкін. Біз айтайық ендеше.
QAZAQTIMES.COM. «Назарбаев пен Мирзиеев бірлестігі Орталық Азия елдерін біріктіре ала ма?» - Наурыз айында Астана қаласында орталық Азия елдерінің басшылары бас қоспақ. Мемлекет басшыларының саммитін ұйымдастыруға мұрындық болған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев. Қос президенттің бастамасы Орталық Азия елдерін біріктіре ала ма?