AZATTYQ.ORG. «”Ғалымдар одағы” апострофсыз әліпби ұсынды» - Билікке хат жолдап, қазақ әліпбиінің латын графикасындағы жаңа нұсқасын ұсынған «Ғалымдар одағы» Қазақстан президенті бекіткен латын әліпбиіндегі апострофты нұсқадан құтылу керек деп санайды. Тіл білімі институтының маманы «жұмыс тобына апостроф жобаны түгел өзгерту туралы тапсырма» түспегенін айтады.
«Пікір жазушы енді оқырманға айналды» - Сайтта комментарий жариялауға қатысты жаңартылған заң талаптарын орындау үшін қазақстандық интернет-ресурстардың кейбірі қолданушыларды анықтау тетігін іске қосуды бастаса, кейбірі форумдарын жауып тастауды ұйғарған. Министрлік заңды орындамаған интернет-ресурстардың әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін екенін айтады.
«Ресей мен Қазақстанда билікке жақпай қалған фильмдер» - Ресейде прокат куәлігін бермей қойған шетелдік "Сталиннің өлімі" комедиясын көрсетуден Қазақстанда да кинотеатрлардың көбі бас тартты.
QAMSHY.KZ. «Қазақстандағы діни жағдай және оны оңалтудың жолдары» - Көне түркілердің ту тіккен, өсіп-өнген ата-мекені болып саналатын бүгінгі қазақ жеріне ислам сонау VIII ғасырда жеткен деп қарайды тарихшылар мен исламтанушылар. Ислам өркениеті түркілер мекен еткен сайын далаға қанат жаймас бұрын байырғы түркілер неге табынды, нені пір тұтты деген сұрақ екінің бірін мазалайды.
«Қазақ элитасы қарабайыр тобырды Facebook-те қалдырып, Telegram-ға көше ме?» - Соңғы уақытта, «WhatsApp» және Facebook Messenger-ін қолданушы қазақстандықтар белсенді түрде Telegram желісіне өтуде. Telegram Messenger-і өте ыңғайлы, тез, сенімді әрі кез-келген құрылғы арқылы жұмыс істей беретін, 100 миллион-ға жуық белсенді қолданушы бар әлеуметтік желі. Қазіргі таңда Telegram-да 170 миллион қолданушы тіркелген. Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі аталмыш желінің Қазақстанда қаншалықты қолданыс тапқанын және несімен тиімді екендігін анықтап көрді.
«”Тоқ бала аш болам деп ойламайды”. Қазақстандағы ықпалды әулеттер» - Ішкені алдында, ішпегені артында, не кием, не жеймін деп қам жемейтін отбасылық өмірді көбі аңсайтыны рас. Шалқып өмір сүретін ықпалды әулеттер тізімін Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына ұсынады. Тізімдегі азаматтардың лауазымды қызметке тұруына «көкелері» көмектесті ме, әлде өз еңбектерінің арқасында табысқа жетті ме? Әйтеуір елімізді үрім-бұтағымен бірге «басқаратындар» көп.
365INFO.KZ. «Олар қазақшаға қарсы…» - Мұрат Әбенов кинотеатрлардың былығын ашты. Ресей тыйым салған «Сталиннің өлімі» фильмінің Қазақстанда да көрсетілмеуі қоғамның наразылығын бұрқ еткізді.
RATEL.KZ. «Бүгінгінің Ер Жәнібегі қыздарды шетелдіктерден құтқарып жүр» - Facebook.com әлеуметтік желісінде блогер Жәнібек ИМАНМӘЗІР кешкі уақытта серуендеп жүрген шетелдік азамат пен әйел адамды видеоға түсіріп өз парақшасына салып қойған. Желі белсендісінің бұл алғашқы видеосы емес. Ол Алматы көшелерінде шетелдіктермен жүрген қазақ қыздарын үнемі видеоға түсіріп, "жөнге" салып жүргелі біраз болды. Жәнібек мырзаның пікірінше, қыздарымыздың намысын осылайша әрбір қазақ жігіті қорғау керек.
QAZAQUNI.KZ. «Қожа Ахмет Ясауидің еш жерде жарияланбаған хикметтері табылды» - Оңтүстік Қазақстан облысында Қожа Ахмет Ясауидің 100-ге жуық еш жерде жарияланбаған хикметтері табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
TURKYSTAN.KZ. «Астана Ақмолаға неге көшірілді?» - Жасырып-жауып қайтеміз, «Қазақстан Президенті Астана күнін өзінің туған күніне орайластырып 6 шілдеге ауыстырды» дегендей пікір айтып жүргендер жоқ емес. Мұның қаншалықты қисыны бар, әлде «Тисе – терекке, тимесе – бұтаққа» дегендей пиғылмен атүсті айтыла салған сөз бе?
QAZAQTIMES.COM. «Айсұлу Молдабекова: Бізде әлеуметтік сала ешқашан назардан тыс қалған емес» - Биыл ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кезекті жолдауында "Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар экономикалық өсімнің резерві саналатынын және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәселесін қарастыру жөнінде бірнеше рет талап қойылғанын" мәлімдеді.
INFORMBURO.KZ. «2018 жылғы білім саласындағы өзгерістерге шолу» - Мектептердің оқу бағдарламасы жаңартылған мазмұнға көше бастады. Оқушылардың білім деңгейін көтеру үшін мұғалімге қойылар талап күшейеді.