AZATTYQ.ORG. «Шығыны көп холдингке әлеуметтік қор қаржысын бөлу» - Қазақстан билігінің әлеуметтік сақтандыру қорынан "ҚазАгро" холдингіне қаржы бөлу шешімі кей сарапшылардың түсінбестігін тудырды. Экономистер салық төлеушілер жинаған және әлеуметтік төлемдерге арналған ақшаны коммерциялық пайда көздейтін әрі шығынға батып жатқан квазимемлекеттік компанияға беруді құптамайды.
«Сооронбай Жээнбеков белгілеген жеті бағыт» - Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков аймақтарды дамыту үшін реформаны жергілікті билік функцияларын өзгертуден бастау қажет деп мәлімдеді. Биылғы жыл Қырғызстанда аймақтар жылы болып жарияланған.
«Дін туралы заң жобасындағы "бұлыңғыр" тіркестер» - Парламент Мәжілісі "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заңға енгізуге ұсынылған өзгерістерді талқылауға кірісті. Құжатты әзірлеген үкімет заң жобасы "дінді экстремистік мақсатта пайдалану мүмкіндігін азайтады" деп санайды.
«Қазақстан нәтижесін жақсартқысы келеді» - Биыл 9-26 ақпан арасында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін қысқы олимпиадаға Қазақстаннан 50-ге жуық спортшы қатысады. Қазақстанның спорт комитеті ойындарға баратын үш-төрт спортшыдан медаль күтеді.
«"Қаржы тапшылығы" қажытқан ғалымдар» - Қазақстандағы бірнеше ғылым институтының ғалымдары қаржының үш-төрт айға кеш түсетінін, гранттық бағдарламалар тиісті уақытта жарияланбайтынын айтады. Бірақ білім және ғылым министрлігі мұны жоққа шығарады.
QAMSHY.KZ. «Отандық киноның жаңа келбеті: жетістік пен кемшілік» - Әрине, қазақстандық өнімдерді қолдау керек, насихаттау керек, бірақ ол үшін өнім де сапалы болуы керек деп есептейміз. Шұбар тілде, батыстың стилінде түсірілген, қазақтың иісі сезілмейтін, актерлері жаттанды сөйлейтін фильмді көрерменге ұсынудың өзі қылмыс сияқты.
«Шетелде жүріп өз кәсібін өркендетіп отырған қазақстандықтар» - Шетелде жүріп өз кәсібін өркендетіп отырған қазақстандықтар аз емес. Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі солардың бір парасын назарларыңызға ұсынбақ.
«Биыл Қазақстан экономикасын не күтіп тұр?» - Бұл күн жақсы жаңалықтармен басталды. Голландия соты ұлттық қордың шетелде бұғатталған $22 млрд активін босатты. Сонымен қатар ұлттық валюта курсы 321,51 теңге болды.
«Әскерге кебенек киіп кеткендер кебін киіп қайтып жатыр» - Отан алдындағы борышын өтеуге аман кеткен бала белгісіз себеппен көз жұмып, үйіне өзі емес, табыты келетін жағдайға жеттік. Ата-ананың орны толмас қайғысы өз алдына, ел көңіліне мемлекеттің қорғаныс ісіне деген сенімсіздік ұялады. Тепсе темір үзетін жігіттер амалын тауып, әскери міндетінен жалтаратын болды. Бұл – шиеленісті мәселенің беті ғана. Qamshy.kz тілшісі соның түпкі себебіне үңіліп көрді.
QAZAQTIMES.COM. «”Ислам мемлекеті” террорлық ұйымының шығу тарихы немесе сәләфит содырлар зобалаңы» - Сүрия мен Иракта «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының жеңілгендігі жөнінде осыған дейін АҚШ пен Ресей бірнеше рет ресми мәлімдеме жасады.
INFORMBURO.KZ. «Ел аман, жұрт тынышта із-түзсіз жоғалатындар көбейді» - Жоғалғандар неге оралмайды? Жоғалған адамды қанша жыл іздейді? Артында қалған бала-шағасына әлеуметтік көмек беріле ме?
SERKE.ORG. «Гүлжан Ерғалиеваның адвокатының әйелі өлі табылды» - «Свобода слова» газетінің бұрынғы басшысы Гүлжан Ерғалиеваның адвокаты Алексей Балакиннің әйелі - Наталья Яковлева өлі табылды.