Атырау, 19 желтоқсан 08:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Досым Сәтпаев: Бизнес пен саясаттың бірлесуі – қылмыс», «БАҚ туралы заңға қатысты журналистер не білуі керек?», «Марғұлан Сейсенбай бұғатталған $22 миллиардты қайтаруға ақысыз көмегін ұсынды», «Тек қазақша баяндама жасау Конституцияға қайшы ма?».

2 278 просмотра

QAMSHY.KZ. «Досым Сәтпаев: Бизнес пен саясаттың бірлесуі – қылмыс» - Ұлттық банкті қоспағанда, елімізде қызмет атқаратын барлық банктер екінші деңгейлі банктер болып саналады. Олардың қызметі жөнінде ҚР «Банктер мен олардың заңды қызметі туралы» 1995 жылдың 31 тамызынан № 2443-құжатында айтылған. Осы заңға сәйкес Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер заңды тұлға ретінде, басты мақсат - пайда табу үшін коммерциялық қызмет атқарады. Бұл мақалада Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің тарихы мен оларға иелік ететін акционерлердің банк ісіне ықпалы туралы жазады. 

«Шенділердің мұзжарғышы – Мәсімов» - «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы 2017 жылдың 4 тоқсаны бойынша шенді-шекпенділердің рейтингісін (үлгерімін деп ұғыңыз) жариялады. Жылдың алғашқы тоқсанында топ бастаған ҰҚК төрағасы К.Мәсімов сол арынымен әлі де алдына қара шығармай келе жатқанға ұқсайды. 

«БАҚ туралы заңға қатысты журналистер не білуі керек?» - Желтоқсан айында 1999 жылы қабылданған БАҚ туралы заңға 250-ге жуық толықтыру мен түзету енгізілді. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, бұл өзгеріс БАҚ өкілдерімен қызу пікірталас негізінде жүзеге асқан. Ал тәуелсіз сарапшылар жаңа заңда сөз бостандығын шектеп, журналист жұмысына кедергі келтіретін көптеген шикілік барын айтады.

 «Марғұлан Сейсенбай бұғатталған $22 миллиардты қайтаруға ақысыз көмегін ұсынды» - Кәсіпкер Марғұлан Сейсембай соңғы бірнеше ай шамасында қызу талқыға түскен Ұлттық қордағы «келешек ұрпаққа тиісті» 22 миллиард АҚШ долларының бұғатталуы туралы мәселеге пікір білдірді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Ол: «Әрине, мән-жайдың анық-қанығын нақты білемін деп айта алмаймын, дегенмен, ашық ақпарат көздерінен білген-түйгенім шындықтан алыс емес деп ойлаймын», деп жазды өзінің Facebook парақшасында.

«Qamshy.kz порталы Шымкент әкіміне ресми сауал жолдайды» - Кеше Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаевтың тіл туралы сөйлеген сөзі казнетте қатты талқыланып жатыр. Осыған байланысты Qamshy.kz әкімге өзі ыңғайлы көретін тілде ресми сауал жолдап отыр.

365INFO.KZ. «Қазақта Баяннан басқа үлкен проблема бар: зейнетақы қорындағы ақша!» - Әзірбайжан халықаралық банкіне салынған халықтың зейнетақы қорындағы 71,3 млрд теңге 15 жылдан кейін қайтады. Бұл туралы өткен аптада ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеген болатын.

SERKE.ORG. «Нью-Йорктың үздік полицейі Қазығұртқа келді» - Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, қандасымыз, Нью-Йорктың үздік полицейі, кикбоксингтен әлем чемпионы, кәсіпқой боксшы Дінмұхаммед (Димаш) Ысматуллаұлы Ниязов Қазығұрт ауданына келді. Димаш – негізінде Қазығұрт тауы баурайындағы [Қарақия ауылында өткен ғасырларда ғұмыр кешкен, қазақтың Шегір руынан өрбіп шыққан атақты Төлебай және Тәуке халфелердің бел ұрпағы Ысматулланың отбасында, Шымкент қаласында] дүниеге келген. 

INFORMBURO.KZ. «Хиджаб кию қазақ дәстүрінде болған ба?» - Сарапшылар хиджабтың саяси мәселенің біріне айналып кеткенін айтады. Оны шешудің жолы – ұлттық киімді қайта қалпына келтіру дейді.

BAQ.KZ. «Тек қазақша баяндама жасау Конституцияға қайшы ма?» - 22 қаңтар күні Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Бауыржан Қалжанов жыл бойы атқарған жұмыстары туралы халық алдында есеп берді. 


24 қаңтар 2018, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.