Атырау, 25 сәуір 11:32
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Село жаңалықтары

2 420 просмотра

КӘСІПКЕРЛЕР КӨБЕЙДІ

Исатай ауданында Үкіметтің «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын ауыл адамдары оң көзқараспен қабылдап, кәсіпкерлікке ынта білдірушілер саны өткен жылға қарағанда өсе түскен.

Ауылдарда жұмыс орындары саусақпен санарлықтай. Мектеп, балабақша, жергілікті әкімшілік негізгі жұмыс орнын құрап отыр, жалғыз пошташы, электрикті қоспағанда. Ресми тіркеуді есептемегенде ауыл адамдарыныңбасым бөлігі жұмыссыз деуге болады. Дәл осындай қиын кезде 5 жылға 6 пайыздық жеңілдікпен несие ақша беру исатайлықтарды қуантып отыр.

-Мен 4 жыл жұмыссыз отырдым, жалғыз күйеуімнің табысы не болады. Балалар үлкейген сайын проблема да көбейе бастады, ішім-жемін былай қойғанда киімі мен оқуына аз қаржы жұмсамайсың. Жеке кәсіп құрайын десең, қаржы керек. Осылай қиналып жүргенімде аудандық әкімшілікте жұмыссыздарға көмектеседі дегенді естідім,-дейді Аққыстау селосының тұрғыны Гүлмира ҚАЙЫРОВА.

Кәсіпкер атанған әйел ендігі  несиені алып, оған  монша ашып та үлгерген. Екі қабатты шаштараз салған Нұрсұлу ҚАЙЫРЖАНОВА тігін цехын да жандандырып, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуге бел байлауда.

- Тағы 5 адам мал өсіріп, егін салуды мақсат тұтқан. Малдары төлдеп, өз басы есебінен көбейтуге күш салуда. Биыл30 жұмыссыз арыз беріп отыр. Енді оны комиссия шешеді, қайтарымы  болса жақсы, онда келесі кезектегілердің жұмыс жасап кетуіне септігін тигізер еді, -дейді Исатай ауданы жұмыспен қамту орталығының директоры Қуандық САРИЕВ.

ТҰЩЫҚҰДЫҚ СУСЫЗ ОТЫР

Ауласына бақша өсіру Тұщықұдық селосы үшін арман күйде. Тал-теректер селода саусақпен санарлықтай. Өйткені жаздық су линиясы жоқ.

Село адамдарының мәлім-деуінше, жазғы су кезінде совхоздың күшімен жұмыс жасап, совхоз тарағанда бірге жоқ болған. Негізі, Исатай ауданының экологиясы мәз емес, жері сортаң, сәл жауын жауса балшық болады, жазда маса көп.

 

ҚҰЛСАРЫ КӨРКЕЙМЕКШІ

Министрліктің шағын «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасына орай Құлсары қаласына биыл республикалық трансфереттер есебінен 210 млн. теңге бөлінбекші.

Аудандағы 5 мектептің жылу жүйелерін күрделі жөндеуден өткізу, жылу қазандықтарын ауыстыруға 75 млн. теңге, 135 млн. теңге қаладағы көпқабатты үйлердің жылу жүйелерін жөндеуге жұмсалмақшы.

- Бұл жұмыстардың сметасы жуырда бітеді, ал жөндеу ісімен айналысатын жеңімпаздарды анықтау тендері 15 мамырда өтеді,-дейді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан ҚОНДЫБАЕВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

9 мамыр 2012, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.