Атырау, 25 тамыз 21:39
 дождьВ Атырау +34.8
$ 457.99
€ 534.15
₽ 5.47

Анасын үш жасар қызының көзінше өлтірді: Атырауда алғашқы сот отырысы белгіленді

42 рет қаралды

Атырауда шілде айында орын алған әйел өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. 

Күдікті Жұмағалиевқа аса қатігездікпен кісі өлтірді деген айып тағылып отыр.

Оқиға 2026 жылдың 22 шілдесінде болған. Ер адам үш жасар қызының көзінше әйелге пышақпен тап берген. Марқұмның жақындарының айтуынша, оған бірнеше рет пышақ жарақаты салынған. 

Қайғылы оқиғадан кейін кішкентай қыз анасының денесінің жанында қалып қойған. Келесі күні оларды үйге оралған 16 жасар үлкен қызы тапқан.

Күдікті қылмыс орын алғаннан кейін көп ұзамай ұсталып, қамауға алынды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (аса қатігездікпен жасалған кісі өлтіру) бойынша айып тағылуда.

Іс Атырау облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түсті. Бұл істі судья Зарема Хамидуллина қарайды. Алғашқы сот отырысы 2 қыркүйекте сағат 15:00-ге белгіленді.

Айгүл МАНСУРОВА

Бүгін, 20:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.