Атырау, 25 тамыз 21:19
 дождьВ Атырау +34.8
$ 457.99
€ 534.15
₽ 5.47

Атырау облысында қауіпті вирустық инфекция тіркелді: жуғу көзі әлі белгісіз

40 рет қаралды

Атырау облыстық инфекциялық ауруханасында Исатай ауданынан келген бір отбасының екі мүшесі емделіп жатыр. Олардың бірінен ПТР-тест арқылы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) расталса, екіншісінен теріс нәтиже көрсеткен

Ауруға шалдыққан — Исатай ауданының турғыны А.А. Ол ауруханаға 12 тамызда ауру белгілерімен түскен. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қазіргі уақытта әйелдің жағдайы тұрақты, оң динамика байқалады.

Отбасының екінші мүшесі ауруханаға бұдан бұрын, 16 шілдеде түскен болатын. Оның КҚГҚ-ға тапсырған ПТР-тесті теріс нәтиже бергенімен, ол дәрігерлердің бақылауында қалуда, жағдайы тұрақты. Науқастармен байланыста болған тұлғалар да оқшауланып, бақылауға алынды, олардан ауру белгілері табылған жоқ.

Мамандар аудандағы кенелер мен үй жануарларынан зертханалық сынамалар алып, дезинфекциялық жұмыстар жүргізді. Сараптама нәтижелері таза болып шықты, сондықтан әйелдің вирусты қайдан жұқтырғаны әлі белгісіз.

«Ақ Жайық» инфекцияның таралу себебін анықтау үшін Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне ресми сауал жолдады.

Анықтама: Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы — вирусты тасымалдаушы кенелердің шағуы немесе ауру малдың қанымен байланыс арқылы жұғатын қауіпті инфекция.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Бүгін, 20:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.