Атырау, 4 қазан 17:45
 ашықВ Атырау +10
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Тізімдегілерге түгел төленсін

2 138 просмотра

9 мамыр мерекесіне орай, басқа да санаттағы азаматтарға 5 мың теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек берілетіндігі туралы ақпарат әртүрлі  реакциялар тудырды («ЖС» №18,  03.05.12, «Майдангерлерге 100 мың теңге”»).

5 мың теңге анағұрлымкөп ақша емес, біздің оқырмандарымыздың бірқатарының қоңырауларынан соң әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде бұл шамалы ғана ақшаның бәріне бірдей берілмейтіндігі анықталды.

- Бізге тиесілі төлем туралы білгеннен соң мен бірден қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарластым – дейді мүгедек баланы тәрбиелеп отырған Галина ЧЕРНОВА. – Өйткені, біз бұрын ешқашанда  қалалық бөлімнен материалдық көмек алып көргеніміз жоқ, сондықтан да мен оны қалай алуға болатындығын  анықтағым келді. Ол жерде маған ешқандай ақшаның әлі бөлінбегендігін, ал егер беріп жатса, тек  1 маусым - Балаларды қорғау күніне ғана берілетіндігін айтты. Бұл жағдайды облыстық басқармадан да анықтауға мүмкіндік болмады.

Осыған қатысты түсінік алу үшін  бұл ақпаратты бізге бұған дейін берген  облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру  және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Серік САПАНОВҚА  жолықтық. Байқаймын, істің былайша бағыт алуы оны қобалжытқан тәрізді:

– Үстіміздегі жылдың 12 сәуірінде облыс әкімінің «Мерекелік күндерге және атаулы күндерге орай, азаматтардың жекеленген топтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» қаулысы шыққан болатын. Қала әкімі және аудан әкімдері мәслихаттармен келісе отырып, өз бюджеттері есебінен Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына, олардың жесір-леріне, фашистік лагерлердің тұтқындарына, блокаданы бастан өткергендерге, Ауғанстан соғысына қатысушыларға және олардың жесірлеріне, Чернобыльдағы апатты жоюшыларға, тыл еңбеккерлеріне, барлық топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға көмек көрсету үшін қаржы бөлуге тиісті болды. Төлемдердің мөлшері түрліше болуы, аз алған адамдардың наразылығын тудыруы мүмкін. Осындай түсініспеушіліктер туындамас үшін ұсынылған төлем мөлшері 5 мың теңге деп жарияланды. Оның қашан бері-летіндігі және оны кімдердің алатындығын әкімдіктер шешетін болады, алайда, ол іс жүзінде барлығына берілуі тиіс.

- Бүгінгі күні ардагерлер мен соғыс мүгедектеріне 100 мың теңге көлемінде; олардың жесірлері мен марапаттары бар тыл еңбеккерлеріне, концлагерде болғандарға  және Ленинград блокадасын бастан өткерген адамдарға, сондай-ақ, Чернобыльдағы апатты жоюшыларға – 5 мың теңгеден берілетіндігі туралы шешім қабылданды, -деп хабарлады бізге қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА.  Ол басқа санаттар үшін берілетін көмек мерзімін атай алмады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

9 мамыр 2012, 13:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.