Атырау, 26 желтоқсан 15:30
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Қай құлағым шулап тұр? Екеуі де

6 717 просмотра

«Республикалық атмосфералық ауаны қорғау ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС мамандары Атырауға радиациялық зерттеу жүргізді.

Бұл зауыттың өзі қаржыландырып отырған «АМӨЗ және басқа да өндірістік нысандардың Атырау қаласының қоршаған ортасы мен халқының денсаулығына әсерін кешенді зерттеу» жобасының кезекті кезеңі. Осыған дейін ауа мен топырақ тексерілген еді, қала тұрғындарын медициналық тексеруден өткізу жалғасуда.

 

РАДИАЦИЯ ҚАЛПЫНДА

Арнайы радиометр аспабымен экологтар қаланың әр бөлігіндегі радиациялық деңгейді өлшеді. АМӨЗ-ге іргелес аумақ, ЖЭО, ДСУ, Маслопром, Химпоселок, Ескі әуежай, СМП-136 аудандары, Алмагүл, Авангард ықшам аудандары, Жұмыскер поселкесі, «Дина» базары, Сәтбаев, Говоров, Бедный, Құспан молда көшелері тексерілді. Қоқыс орны мен Сасықсай да назардан тыс қалмады. Әрбір 20 метр қашықтық сайын белгілі бір нүктелер өлшенді.

Зерттеу қорытындысы туралы «Республикалық атмосфералық ауаны қорғау ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС Атырау өкілдігінің директоры Еламан ИЛЬЯСОВ хабарлады:

- Радиация бойынша шамадан тыс норма анықталған жоқ. Радиация деңгейінің  жоғарғы көрсеткіші АМӨЗ маңынан тіркеліп, 0,25 микрозиверт нормамен алғанда 0,19 микрозиверт құрады.

 

АЙҚАЙҒА ТОЛЫ ДАҢҒЫЛ

Бұдан басқа, орталық мамандары бұл күндері қаладағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға әсер ететін шудың салмағын анықтауда. Қазір шу деңгейі рұқсат етілген норма 64 децибелден асатын  бірнеше нүкте анықталған.

- Бұл, атап айтқанда, «Бейбарыс» сауық клубының маңындағы Азаттық даңғылы (бұл жерде аспап 95 децибел көрсеткен), Сәтбаев даңғылы (91-93 децибел), -дейді Е. Ильясов. – Бұл нүктелердегі шудың негізгі көзі – автокөлік қозғалысының көп болуы. Бірақ бұл тек зерттеудің басы ғана, жалпы көрініс туралы төрелік етуге әзір ерте. Бір нәрсе ғана анық: жоғары деңгейдегі шулы аймаққа тұрғын нысандар салуға болмайды, ал әкімшілік нысандар арнайы шуды өткізбейтін технология пайдаланылып салынуы тиіс.

- Ал жоғары деңгейдегі шулы  аймақ үй тұрғындары не істемек?

- Барлық мәліметтерді талдап, жергілікті билікке тиісті сипаттамаларды ұсынамыз. Мәселен, көлік жолының маңында орналасқан үйге әсер ететін шу салмағын арнайы дыбыс өткізбейтін дуал салып азайтуға болады. Ағаштар да жақсы қорғаныс боп табылады.

Таяу уақытта қала шеңберіндегі электр магниттік өрісті зерттеу жоспарланып отыр. Біздің денсаулығымызға қосалқы электр стансалары мен түрлі антенналардың сәулесі қаншалықты әсер ететінін қорытындылар көрсететін болады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

9 мамыр 2012, 13:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.