2013 жылдан бастап шаруа қожалықтарының суару шығындарын субсидиялау әжептәуір азаюы мүмкін.
Қазір шаруалар «ҚазСуШар» облыстық филиалына 50 пайыз төлейді, ал содан кейін бүкіл соманың 80 пайызы мөлшерінде мемлекеттік субсидия алады. Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер жаңа шарттар туралы хабарлады: 2013 жылдан бастап бюджет қаржылары шаруаларға олар тек суару суы үшін 100 пайыз төлегеннен кейін ғана аударылады. Сонымен қатар, субсидияның мөлшері де жартылай қысқарады.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Тілек ӘМІРОВТІҢ айтуынша, 2009 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидия мөлшерін 80 пайыздан 60 пайызға дейін азайтуға тырысқан. Сол кезде Астананы бұлай жасамауға көндірген еді, өйткені аймақ жағдайында көкөністер өсіру тиімсіз болып, базарлардағы бағалар көтеріліп кетеді. Енді облыстық әкімдік министрлікпен жаңа келіссөздер жүргізуді бастамақ.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ