Атырау, 4 қазан 07:00
 ашықВ Атырау +17
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

7 мамыр мемлекеттік мереке ретінде бекітілмек

2 323 просмотра

Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы 3 мамырда «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы туралы» Бұйрыққа қол қойды, деп хабарлады ресми БАҚ.

Президент  үкіметке  7 мамырды мемлекеттік мереке ретінде бекітуді тапсырды.
 
Отан қорғаушы күні - 2012 жылы 7 мамырда тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштеріне 20 жыл толады.


«Бұл күн - казақстандықтардың ерлікке толы шежіресін және Отанға қызмет ету дәстүрінің сабақтастығын сипаттайды. Қазақстан өз мемлекеттігін дамытудың 20 жылы ішінде әрдайым еліміздің корғаныс қабілетін нығайтуға, заманауи және кәсіби армия кұруға ерекше көңіл бөлді»,-делінген құжатта.


Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жауынгерлік даярлықтың жоғары қарқынды деңгейімен, сапалы жұмылдыру резервімен, үлттық әскери оқу орындары жүйесімен және қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз етілуімен ерекшеленеді.


«Біздің әскери қызметшілер жоғары кәсіби даярлық, үйлесімділік пен жауынгерлік дағды үлгісін керсетуде»,-делінген құжатта.


Қарулы Күштер қатарында қызмет ету әрбір қазақстандықтың құрметті міндеті, аға буынның батырлық және жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген патриотизмнің жоғары адамгершілік мектебі ретінде қалыптасып отыр.


«Қарулы Күштердің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында құрметті ардагерлерді, әскери қызметшілерді, сондай-ақ барша қазақстандықтарды мемлекетіміздің тарихындағы осы айтулы күнмен құттықтаймын»,-делінген бұйрықта.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

4 мамыр 2012, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.