Атырау, 28 қараша 09:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

We are the champions

2 252 просмотра

27 сәуірде жалаушалармен безендірілген автомобиль және мотоциклдерге мінген «Бейбарыс» хоккей клубының  жанкүйерлері Қазақстан чемпионатындағы сүйікті командаларының жеңісі құрметіне Атыраудың орталық көшелерімен шерулете жүріп өтті.

Таңертең Атырау әуежайынан олар Павлодардан оралған чемпиондарын салтанатпен күтіп алды. Олар елге «Ертісті» 2:0 есебімен жеңіп оралды. Бұл финалдық сериядағы алтыншы матч болатын, жалпы есеп 4:2 «Бейбарыс» пайдасына  шешілді, ал, кесте бойынша серия 4 жеңіске дейін ойналады.

«Бейбарыс»  командасының бас жаттықтырушысы Александр ИСТОМИН (суретте) өз ойыншыларына, жанкүйерлерге  және  облыс басшылығына команда үшін жасалған барлық жақсылықтар үшін алғысын білдірді: «Бұл біздің ортақ жеңісіміз». Журналистерге ол өзінің әлі де облыстық хоккей дружинасының басында қала беретіндігін мәлімдеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ,

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

2 мамыр 2012, 21:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.