9 мамырға дейін Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің барлығы 100 мың теңгеден алулары тиіс. Біздің облысымызда бүгінде 176 майдангер бар. Жеңіс күнінің құрметіне орай, анағұрлым аз мөлшердегі материалдық көмек басқа санаттағы азаматтарға да көрсетілетін болады.
- Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 90 млн теңге бөлінді, - дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Серік САПАНОВ.
Басқа санаттарға, яғни: фашистік концлагерлердің тұтқындары (3 адам); қаза болған жауынгерлердің жесірлері (19); Ленинградтық блокаданы бастан өткерген адамдар (1); тыл еңбеккерлері (283); Ауғанстан соғысына қатысушылар (477); «ауған» жауынгерлерінің жесірлері (5); Чернобыльдағы апатты жоюшылар (223); І топ (933); ІІ топ (6 197) және ІІІ топ (4 793) мүгедектері; сондай-ақ, бала жастан мүгедектер (1 904). Оларға 5 мың теңгеден төленетін болады.
Зульфия ИСКАЛИЕВА