Бұдан бұрын хабарланғандай, 24 сәуірде Исатай ауданының өрт сөндіру қызметіне Аққыстау поселкелік әкімдігіне жарылғыш қондырғының қойылғандығы туралы хабарлама түскен. Қаладан келіп жеткен сапёрлар қауіпті ешнәрсе таппаған (ЖС №17 «Әкімдіктегі жалған жарылыс»).
ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА хабарлағандай, келесі күні, 25 сәуірде телефон лаңкестігіне күдіктіні аудандық ІІБ және ІІД экстремизммен күрес жөніндегі бөлім қызметкерлері ұстады. Олар бірі 17, екіншісі 16 жастағы Исатай ауданының Зинеден ауылының тұрғындары болып шықты. Олардың бірі екіншісінің ұялы телефонынан бәстесіп қоңырау шалған екен. Қазір олар басқа жаққа кетпеу туралы қолхат арқылы босатылды. ҚР ҚК 242- бабы («Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ