Атырау, 11 желтоқсан 21:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Директорларға кеңес

2 219 просмотра

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ төрағасы Өмірзақ ШӨКЕЕВТІҢ Атырау облысына таяудағы сапары барысында мұнай-газ саласының қазақстандық және шетелдік басшыларымен кездесу болып өткен еді.

 

БАЙШОНАС ПЕН ЕСКЕНЕНІ КӨШІРЕДІ

«ҚазМұнайГаз» Барлау. Өндіру.» АҚ бас директоры Алик АЙДАРБАЕВТЫҢайтуынша, қазіргі кезде Байшонас пен Ескенені көшіру жөнінде компания акционерлерімен ауызша келісімге қол жеткізілген.

- Ол жерде мекендейтін халықтың 70%-ы мұнайшылар, яғни, «ҚМГ» БӨ жұмысшылары. Компания оларды көшіру жөніндегі қаржылық міндеттемелерді өз мойнына алады. Ал жалпы көшіру механизмін облыстық әкімдік жүзеге асырады, - деп мәлімдеді ол.

 

ТАЙСОЙҒАНДЫ ҚАЙТАРЫҢДАР

- Біз Тайсойған полигонының аумағында орналасқан Уаз бен Қондыбай кеніштерін игеру жұмыстарын бастай алмаймыз, - дейді А. Айдарбаев. – Осынау шағын, бірақ әлеуметтік маңыздағы кеніштердің қорлары анықталды. Алайда жер бөліп бере алмаймыз, өйткені аумақ Ресей Федерациясына ұзақ мерзімге жалға беріліп қойған. Ресейліктермен өте жоғары деңгейде өткен кездесуге қарамастан, мәселені шешу ұзаққа созылып кетті.

Айдарбаевтың айтуынша, келесі кездесу мамырдың аяғына белгіленген. Өмірзақ Шөкеев «істің жақсы жағына қарай шешілуіне міндетті түрде ықпал етуге» уәде берді.

 

ТАЯУДА ТЕНДЕР БОЛАДЫ

«ҚазМұнайГаз» инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Мағзом МЫРЗАҒАЛИЕВТеңіз, Қашаған, Қарашығанақ секілді ірі жобалардағы қазақстандық құрамның үлесі 1-4 пайыздан аспайтындығын мойындады.

Қазақстандық құрам үлесін көбейту жолдарының бірі – осы ірі жобаларды жобалауға, салуға және жаңартуға белсенді қатысу.

- Мәселен, қазақстандық 20 зауытқа аудит өткізілді. ТШО-ның Атырау облысында жүзеге асырылатын келешек кеңею жобасы бойынша ірі жоба тендеріне қатысатын компаниялар анықталды, - деп хабарлады ол.

Бұдан басқа, Атырауда және Ақтауда мамыр мен маусым айларында көшпелі форумдар өткізу жоспарланып отыр. Оған ірі шетелдік және қазақстандық өндірушілер қатысады.

-Шетелдік серіктестермен келіссөздер жүргізгенде қаталырақ болу керек, - деп ақыл қосты өз кезегінде Шөкеев. – Осы ірі жобалардың барлығы әлеуметтік маңызды жобалар. Қашағандағы жылдық шығын 7 млрд доллар құрайды. Ал қазақстандық компанияға бар болғаны 100 млн есептеледі. Сондықтан бізге одан көп бермейді. Әңгіме миллиардтар туралы болып отырғандықтан, анағұрлым ауқымды мөлшерде үміткер болу керек.

 

КІМ НЕГЕ РИЗА?

«Интергаз Центральная Азия» АҚ мен «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының өкілдері Шөкеевтен әлеуметтік мәселелерді шешуге қолдау көрсетуді өтінді.

- Мұнайшылардың балалары қалалық балабақшаларға қабылданбайтын болады. Өз балабақшаларыңды салып алыңдар, - деген еді әкім мен қатысқан жиналыстардың бірінде, - деп шағымданды «ҚазТрансОйл» филиалының жетекшісі Фердинат МАМОНОВ.

Оның айтуынша, компанияда 1 044 адам баспанаға мұқтаж екен, оның 391-і – атыраулықтар.

– Ендеше мұнайшыларға өз баспаналарын салу керек. Ал бірінші қабатынан балалардың шағын орталықтары ашылсын, - деп  кеңес берді Шөкеев.

Кеңес соңында сөз алған ҚМГ ҰК «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ бас директоры Ұзақбай ҚАРАБАЛИН көршілес аймақтарды меңзеп, атыраулық мұнайшылардың шыдамдылығы мен сабырлылығын ерекше атап өтті.

- Ұзақ жылдар бойына мұнайшы боп жұмыс істейтін жергілікті жұмысшылары көп еңбек ұжымдарында қандай да болмасын артық шағымдар мен талаптар жоқ. Олар өз жұмыстарына және ертеңгі күндеріне нық сенімді.

Сәния ТОЙКЕН

2 мамыр 2012, 21:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.