Атырау, 24 қараша 11:24
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жүк көлігі - жатын бөлмеде

2 318 просмотра

26 сәуірде  түстен кейін  JAC шағын жүк көлігі Азаттық даңғылы №163 тұрғын үйге  (Торговая базадағы ескі екі қабатты үйлер) барып соғып, МАРКОВТАР отбасы пәтерінің  бір бөлмесінің тұтас бір қабырғасын қиратып өтті. 

Биіктігі 2 метр, ені шамамен 4 метрдей болатын қабырғадағы үңірейіп қалған тесік маңына көшедегі адамдар жиналды.  Көлік жатын бөлмеден келіп соққанда сол үйдің 15 жасар қызы сабағына дайындалып отырған.

Қабырғаға көлік келіп соқпастан сәл бұрындау ғана есіктің қоңырауы соғылған да, қыз бала есікке беттеген:

- Қызымның  бөлмеден шыққаны сол, ауыр соққы болып, оның артындағы қабырға опырылып түсті, - деп қорқынышпен әңгімелейді  қыздың анасы Эльмира МАРКОВА. 

Мұны қалай ғажап демейсің, жасөспірім қыздың өмірі осылайша оның құрбысының арқасында аман қалды.

Азық-түлік таситын автокөліктің жолы болмаған жүргізушісі аяғының жарақаты салдарынан ауруханада жатыр. Көргендердің айтуынша, ол жүргінші жолағында өтіп бара жатқан адамды кеш байқаған, содан қашам дегенде жолжиек арқылы өтіп, үй қабырғасына барып соққан. Марковтар оқиға болған жерге сәулет-құрылыс бақылау инспекторларын шақыртқан, соған байланысты комиссия құрылды.

Келесі күні барлығын егжей-тегжейлі қарап шыққан Марковтар негізгі тірек болып саналатын үй бұрышының (бұрышта орналасқан пәтер) бүлінгенін анықтады. Енді олар және олардың үстіңгі қабатында тұратын көршілері алға қарай тұру үшін қайта қалпына келтіру жұмыстарының қауіпсіздікті толық қамтамасыз етпейтіндігінен қауіптеніп отыр.

– Біз мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау инспекциясының жүргізетін сараптама қорытындысын күтіп отырмыз. Әзірге қалалық әкімдікке және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне үйіміздің апатты жағдайда екендігін мәлімдеп, арыз жолдадық және оны комиссияның құжат арқылы растап беруін өтіндік, - дейді Эльмира Маркова.

Оның айтуынша, жүк көлігінің иесі наубайхана қожайыны құқық қорғау органдарын араластырмастан келтірілген зиянды өтей отырып, бейбіт келісімге келуді ұсынды, алайда зардап шегушілер сараптама жүргіз-бейінше, қалпына келтіру жұмыстарынан бас тартты.

Кәсіпкердің әкесі телефон арқылы жүргізушінің медициналық тексеруден өткенін, оның қан құрамынан ішімдік анықталмағандығын және тексеруден соң оны ауруханадан жіберіп қойғанын хабарлады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА,

Суретті түсірген  автор

2 мамыр 2012, 21:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.