Атырау, 27 желтоқсан 06:23
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Шегірткелер шырылы естіле бастады

11 631 просмотра

Республикалық әдістемелік фитосанитарлық диагностика орталығы биылғы жылы шегіртке зиянкестерінің Қазақстан бойынша 1 млн 977 мың гектар алаңға, оның ішінде итальяндық қызыл шегіртке 1 млн 615 мың гектарға, азия шегірткесі – 224 мың гектар алаңға таралады, деп болжап отыр. Зиянкестермен күресуге республикалық бюджеттен 919 млн теңге бөлінді.

ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі аумақтық басқармасының өсімдіктерді қорғау жөніндегі бөлім бастығы Абила ҚАЗИЕВАНЫҢ айтуынша, Атырау облысы бойынша зиянкестер 33,4 мың гектар алқапқа тарайды деген болжам бар. Салыстыра кетелік, өткен жылы бұл цифр  28 мың гектарды құраған еді. Өткен жазда шегірткелердің топыраққа салған жұмыртқаларына есеп жүргізілді және ол қазір толығымен дәлелденіп отыр – 15 мың гектарға итальяндық қызыл шегіртке, 18,4 мың гектарға – «азия» шегірткесі таралған болып шықты.

Ауылшаруашылық министрлігі берген тендерлік тапсырмаға сәйкес, “Тәуелсіз авиациялық компаниясы “КАЗАВИА” ЖШС-гі  30,4 мың гектар облыс аумағын улы химикаттармен әуеден, 3 мың гектарды «Фитосанитария» РМК облыстық филиалының қызметкерлері  жерге шашу арқылы улайтын болады.

Жазда облыс орталықтарындағы саябақтар мен гүлзарлардағы көптеп кездесетін шегірткелер, А.Қазиеваның айтуынша, басқа, топтасып ұшпайтын түрлері. Бірақ, олармен де күресу керек. Ауылшаруашылық министрлігі басқармасы облыстық әкімдікке  қаржыландыру мәселесі бойынша бірнеше рет ұсыныс жасағанымен, қолдау таппады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

2 мамыр 2012, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.