Атырау, 10 қазан 14:56
 бұлттыВ Атырау +15
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Бомондтарға да базарлық бар

2 409 просмотра

Мемлекеттік сатып алулар туралы www.goszakup.gov.kz сайтын қараған кезде атыраулық шенеуніктер бюджет қаржыларын жұмсау кезінде үнемшілдік танытпайды деген қорытынды жасауға болады.

Мәселен, Көлік және коммуникациялар министрлігінің Атырау су жолдары кәсіпорны 4 975 000 теңгеге көлік сатып алуға конкурс жариялаған. Көлік 2012 жылы шығарылған, міндетті түрде ақ түсті, 6 сатылы автоматты тарату қорабы, алты қауіпсіздік жастығы, круиз-бақылау, жарық/жаңбыр датчигі, 6 динамикалы CD-магнитоласымен болуы, аудиожүйені басқару рөлде орналасуы тиіс. 7 орындық салонда міндетті түрде былғары қаптамасы және орындығы жылытылатын болуы міндетті. Фар жуу құрылғысы, жеңіл балқығыш дискілер, қашықтықтан басқарылатын сыртқы айналары, ортаңғы кілті де қашықтықтан басқарылатын болуы керек.

Облыстық арнаулы тіл мүкістігі бар балалардың №3 мектеп-интернаты әлдебір шараға қатысушыларға сыйлықтар сатып алу жөніндегі конкурс өткізген. Қатысушылардың балалар болғанын жорамалдауға болады. Өйткені интернат ұл балаларға арналған конструкторларды, қыз балаларға арналған мозаикалар жиынтығын сатып алған. Ал сыйлық қорабындағы 5 шай сервизі, ерлердің былғары портмонесі, әйелдердің фирмалық әмияндары мен богем шынысынан жасалған тосап салатын вазалардың балаларға қажеті қанша? Бұл, шамасы мектеп-интернаттың демеушілеріне білдірген алғыс белгісі шығар деп жорамал жасауға болады.

Атырау облыстық мамандандырылған күзет қызметінің басқармасы 100 000 теңгеге Nova Pro100 аудиовизуалды жағдай жасау және релаксация құрылғысын сатып алады. Ғажайып машина күйзеліс әсерін төмендетіп, жұмыс қабілетін арттырады, ұйқыны қалпына келтіреді.

Тамара СУХОМЛИНОВА

2 мамыр 2012, 17:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.