Атырау, 24 қараша 10:05
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қыр жақта қырғауыл құрқылдайды

9 785 просмотра

Танымал кәсіпкер Сағат ТҮГЕЛБАЕВТЫҢ «Мекен» шаруа қожалығының базасында аңшылық құруға арналған демалыс орны ашылды.

Демалыс базасы шамамен Атырау-Орал тас жолынан 15 шақырым жерде жолдан сол жаққа Сарыөзекке қарай орналасқан. Аң аулауға құмар жандар үшін бұл жерде аңшы үйі, атқора, итқора, квадроциклдар, батпақпен жүретін машиналар және қырғауыл фермасы бар. Мұнда өз қаруыңызбен және итіңізбен келуге болады, егер жоқ болса,  онда оның бәрі сол жерден табылады.

Базаның орнитолог-маманы Нәсреддин ҚҰСНИТДИНОВТІҢ айтуынша, фермада 500 қырғауыл бар, оның көп бөлігі  аналық қырғауылдар. Оларды үй құстары секілді дәндермен, қоспа жемдермен жемдейді, рациондарына ұлутас та қосады. Сәуір айында аналық қырғауылдар жұмыртқа басты.

Нәсреддин бұл жағдайдағы ең оңтайлы жол – 1 аталық қырғауылға 4 аналық қырғауылдан  келсе, онда олар маусымда 40 жұмыртқаға дейін бере алады, - деп әңгімелейді. Егер аталық қырғауыл қауқарлы болса, онда оның «жұбайлары» да көп болады, алайда, олар көбейген сайын бір-бірімен көбірек төбелесетін болады. Соның салдарынан олардан жұмыртқасы аз болады. 

Нәсреддин қырғауылдың оңай олжа емес екендігіне сендіреді.

– Аңға шығуға дайындалған кезде біз оларды шығарып жібереміз, олар шөптердің арасына жасырынады.Олардың  жасырынғандығы соншалық, аңшылар тіпті, таба алмай жатады. Оларды әуеге көтеру үшін арнайы түрде үйретілген иттер керек.

Аңшылық тек қырғауылмен ғана шектеліп қоймайды. Алдағы уақытта аумаққа қабан, еліктер, қояндар мен түлкілерді әкелу жоспарланып отыр. Тәлімбақта кинолог Олег СВЕРЛЮКТІҢ  дратхаар тұқымды 4 иті және  2 орыс спаниель (құс аулауға) тұқымды иті, 2 орыс тазысы (қоянға және түлкіге), 2 ягдтерьер және  2 сібір лайкасы  (қабанға) бар. Шаруашылықта екі тоған бар, оған сыла және мөңке балықтар жіберілді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

2 мамыр 2012, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.