Атырау, 27 шілде 06:05
 ашықВ Атырау +25
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

Каспийдің қазақстандық бөлігінде 44 кг балықтың уылдырығымен браконьерлер ұсталды

2 253 просмотра

АСТАНА, 26 сәу – Қазақстан жаңалықтары АА. Каспийдің қазақстандық бөлігінде  44 кг балықтың уылдырығымен браконьерлер ұсталды деп хабарлайды бейсенбіде ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.


 ««Бекіре-2012» балық қорғау акциясы бойынша «Облысаралық Орал-Каспий балық шаруашылық бассейн инспекциясы" ММ Исатай балық инспекциясының қызметкерлерімен 20.04.12 жылдың 23.00 сағат шамасында Каспий теңізі жағалауының Исатай ауданы Забурунье кентінің маңында «Казанка» шағын қайығы қолға түсті»,-делінген хабарламада.


Ведомствоның деректері бойынша, ұсталған қайықта: ахан ауы (120х120 мм, ұзындығы 60 м), 8 дана жалпы салмағы 44 кг уылдырығымен бекіре тұқымдас балықтары анықталып тәркіленді. Келісім-шартқа сай тәркіленген балық «Надежда-1» ЖШС-не тапсырылды.


Аталған іс бойынша толтырылған материалдар тергеу органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

26 сәуір 2012, 18:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.