Атырау, 8 маусым 18:09
 ашықВ Атырау +20
$ 446.65
€ 477.65
₽ 5.49

Жаяулар да жазаланады

1 661 просмотра

17-22 сәуірде жол полициясы жол қозғалысының қауіпсіздігі талаптарына тюнингтері қайшы келетін автокөліктермен жұмыс жүргізді.

Әйнектерін шамадан тыс күңгірт қылған 36 жүргізушіге 5 АЕК (8090 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. 7 адамға бекітілген стандартқа сай келмейтін клаксон сигналы үшін («барылдау», музыкалық үзінді және т.б.) айыппұл жазасын берді. Дегенмен бұл жердегі жаза қатаңдау:  жеке тұлғалар үшін 25 АЕК (40 450 теңге), заңды тұлғалар үшін – 200 АЕК (323 200 теңге).

– Жыл басынан бері 59 жол-көлік оқиғасы орын алды, соның нәтижесінде 14 адам қаза болып, 80 адам зақым алды, - дейді ІІД жол полициясы басқармасының бастығы Берік АМАНГЕЛДІ (суретте).

Оның айтуынша, соңғы кездері жаяу жүргіншілерді өткелден өткізбейтін жүргізушілермен де, белгіленбеген жерден жолдан өтетін жаяу жүргін-шілермен де жұмыс күшейтілген екен. Жыл басынан бері 849 жүргізуші мен 545 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

25 сәуір 2012, 21:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.