Атырау, 5 желтоқсан 12:53
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Арбаушы ару

4 538 рет қаралды


6 желтоқсанда Атырауда жас қыз Түркия азаматын Привокзальныйдағы үйлердің біріне алдап алып келіп, кіреберісте күтіп тұрған екі сыбайласына кездестіреді. Олар шетелдікке тап беріп, санына пышақ салып, әмиянын алып, қашып кетеді.

Болған оқиға бейне бақылау камерасына түсіп, ІІД ШБО кезекшілері оқиға орнына полиция жасағын жібереді. Сыбайластардың үшеуі де "ізін суымай" ұсталды. 

ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, ұсталғандар - 1994 жылы туған, бұрын сотталған екі жігіт пен 1999 жылы туған қыз - уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кдексінің 192-бабы ("Қарақшылық") бойынша тергеу басталды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

7 желтоқсан 2017, 20:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.