Атырау, 24 қараша 10:10
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мансап баспалдағы

2 494 просмотра

20 сәуірде қала әкімі Асқар КЕРІМОВ Атырау қаласының  жаңа бас сәулетшісін тағайындады. Естеріңізге салсақ, Бақтыбай ДҮЗЕЛБАЕВ отставкаға кеткеннен кейін бұл орын бос қалған болатын.

Қалалық сәулет және құрылыс бөлімінің жаңа бастығы боп 38 жастағы Ерлан МҰҚАНОВ тағайындалды. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын тәмамдағаннан кейін ол қалалық сәулет және құрылыс бөлімінде, Бас жоспар орталығында жұмыс істеп, облыстық сәулет және құрылыс департаменті бөлімінің бастығы қызметін атқарған. 2006 жылдан бастап қазіргі тағайындауға дейін жеке кәсіпкер болған.

Сол күні қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік жолдары және жолаушылар тасымалы бөлімінің бастығы лауазымын атқарған Жұмабай ҚАРАҒАЕВ облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы боп тағайындалды. Оның орнына әзірге ешкім тағайындалған жоқ.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

25 сәуір 2012, 20:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.