20 сәуір күні сағат 11.30 шамасында Атырау қаласынан 25 шақырымдай жерде «КазЭйр Уест» әуе компаниясына қарасты МИ-8 тікұшағы ұшу жаттығуы кезінде жерге қонуға мәжбүр болған. Оқиғадан зардап шеккендер бар.
Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ұшу жаттығуын орындап жүргенМИ-8 тікұшағы Атырау - Астрахан трассасының жанында апатты жағдайда, жантайып барып қонған.
6 адамнан құралған экипаж мүшелерін «Аджип» компаниясының тікұшағымен қалаға алып келді. Солардың ішіндегі екі адам жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Біреуінің бұғанасы сынып, екінші адам жеңіл жарақат алған. Қазіргі уақытта тергеумен Желілік ішкі істер бөлімі айналысуда.
Айнұр САПАРОВА
Кадрлар 7-арна бейнесюжетінен алынды