Көпшілігі ер адамдарға күн өткізуге, тоңып қалуға, темекі тартуға, спирттік ішімдік, кола ішуге, мобильдік телефон ұстауға болмайтынын біледі. Ал сымсыз Интернетті пайдалануға ше? Wi-Fi аталық ұрықты өлтіріп, олардың ДНК-сын бүлдіреді, - деп мәлімдейді аргентиналық репродуктолог мамандар. Осы рас па?
Осы сұрақты жақын арада танымал Қазақстан урологтары құрамымен Атырауға келген медицина ғылымдарының докторы, профессор, Алматы Урология ғылыми орталығының андрология бөлімінің меңгерушісі Темірлан ҚҰСАЙЫНОВҚА (суретте) қойған едік.
ЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ТЕСТ
Аргентиналық ғалымдар 29 ер адамнан ұрық үлгісін алып, оларды сымсыз интернетке қосылған ноутбуктың алдына қойыпты. Зерттеу нәтижелері ғалымдарды таң қалдырған. Бар болғаны төрт сағаттан кейін аталық ұрықтың төрттен бірі толығымен қозғалу қабілетін жойыпты. Сондай-ақ, дәрігерлер ұрықтардың 9 пайыздай шамасының ДНК-сы бұзылғанын анықтаған.
– Иә-иә, білемін. Аргентиналық әріптестеріміздің зерттеулері туралы ақпарат алғаш рет беделді медицина журналында пайда болды, - дейді Темірлан Құсайынов. - Өкінішке орай, біздің институт мұндай қызықты зерттеулер жүргізбейді. Бірақ егер мұндай тестілер жүргізсе, 29 ер адамның емес, одан да көп ұрықтар үлгісін алу керек.
Дегенмен де, Wi-Fi-дың, ұялы байланыстың зиянды сәуле шығаратындығы және экологияның ер адамдардың репродуктивті жағдайына ықпал ететіндігі туралы жеткілікті білемін. Тікелей сымсыз интернет пен оның аталық ұрықтардың сапасына зиянды әсеріне келер болсақ, жастарға мүмкіндігінше оларды пайдаланбауға кеңес бергім келеді. Бірақ егер Wi-Fi-сыз жұмысыңыз жасалмайтын болса, ноутбукті ешқашан тізеңізге қоймаңыз. Еуропаның көптеген мектепке дейінгі мекемелерінде сымсыз интернетті пайдалануға тыйым салынған.
БӘРІ БІРДЕЙ ӘКЕ БОЛА АЛМАЙДЫ
Құсайыновтың айтуынша, алматылық ғалымдар да бірқатар зерттеулер жүргізген екен. Егер жақын арада ғана шәуеттегі 50 пайыздан астам белсенді аталық ұрық қалыпты деп саналған болса, енді қазір бұл көрсеткіш екі есеге азайған. Заманауи технологияны жаппай енгізу, ластанған экология мен зиянды дағдылардың әсері осыған әкеп тіреді. 50 пайыздай жұп ер адамның кінәсінен бала сүйе алмай отыр. Бұл факт.
21-ден жоғары жастағы әрбір оныншы ер адам эректильді дисфунцкияға (белсіздікке) шалдыққан, ал 60-тан жоғары жастағы әрбір үшінші ер адам жыныстық қатынасқа түсе алмайды. Мұның бәрі қайдан пайда болды?
– Сонда бәріне Wi-Fi кінәлі болғаны ма?
– Бәрі де себепкер. Алдымен ер адамдардың ұялы телефонын ешқашан беліне қыстырып немесе шалбарының қалтасына салып жүрмеуге, ал сымсыз интернетті пайдаланған кезде ноутбукты үстел үстіне қоюға әдеттенгені жақсы болар еді. Және салауатты өмір салтын ұстанулары керек.
БАНККЕ САҚТАҢЫЗДАР
Алматыдағы «ЭКО» орталығының директоры Тамара ЖҮСІБАЛИЕВАНЫҢ ақпараты бойынша, олардың ұрықтар банкінде әр ер адам өзінің генетикалық материалына арналған ұяшықтан орын ала алады екен. Мәселен, қауіпті іссапарға шығар алдында, сәуле немесе химия терапиясының алдында, немесе жай сақтық үшін қажет. Өйткені жылдар зулап өтіп жатыр, ал зиянды әдеттер мен сырқаттар жиналып, шәуеттің сапасы нашарлайды. Арнайы ерітіндіге араластырылған биологиялық материал минус 167 градус температурада сұйық азотпен бірге ыдыста сақталады. Айтпақшы, бұл мөлшерді банкте қажет болғанша сақтауға болады. Осы қызметтің құны – жылына 50 мың теңгеге дейін.
Анастасия ПАСТУХОВА