Атырау, 24 қараша 08:33
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Екпе - ауырып зардап шекпе

2 327 просмотра

21-27 сәуірде Атырау облысында еліміздің басқа облыстарындағыдай иммундау апталығы өткізілуде.

- Әдетте апталық белгілі бір тақырып бойынша, айталық, полиомелит немесе қызылшадан сақтану үшін вакцина салу бойынша өткізіледі. Алайда биыл тазарту науқаны өткізілмек, оның барысында адамдар түрлі себеппен тиесілі уақытта ала алмаған екпелерін алады, - дейді қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Темірбек МҰСАҒАЛИЕВ.

-  Басқа жақтан келушілерге ерекше көңіл бөлінеді. Егер бұрын біз вакциналау жоспарын бір жыл бұрын жасайтын болсақ, енді белсенді көші-қон салдарынан оны ай сайын өзгертуге тура келеді.

«Тазартуға» арналған екінші санат – балалар. Кейбір ата-аналар вакциналаудан, соның ішінде діни көзқарас тұрғысында саналы түрде бас тартады. Ал Темірбек Мұсағалиевтің айтуынша, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекске сәйкес, жұқпалы ауруларға қарсы вакциналау міндетті боп табылады.

- Алайда сәбилерді екпелері жоқ болғандықтан, балабақшаларға қабылдаудан бас тартқан жағдайлар бізде болған жоқ, - деп сендіреді Т. Мұсағалиев. – Ал діни көзқарас тұрғысына келер болсақ, адамдар біреуінің екіншісіне кедергі келтірмейтіндігін біртіндеп түсіне бастады. Бүгінде екпе кабинеттерінде хиджаб киген аналар сәбилерін әкеліп отырады.

Соңғы кездері учаскелік педиатрлар өздерінің кішкентай пациенттеріне С гепатиті бойынша тексерілуге жолдама жазып беретін болған. Ал ата-аналар арасында «қаланы шынымен де осынау ауыр жұқпалы індет жайлаған ба?» деген дүрлігіс басталған.

- Балаларды гепатит маркерлеріне тексеру республикалық бағдарламаға сәйкес жүргізіледі, - дейді қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Раиса БАЙМҰХАНОВА (суретте). - В және С гепатиті ұзақ әрі қымбат тұратын емдеуді қажет ететін ауыр сырқаттар. Оны қан арқылы қуыс операциялары, тісті жұлу кезінде және т.б. арқылы жұқтыруға болады. Сондықтан бір кездері осындай операциялар жасатқан барлық пациенттер, иммунитеттері әлсіз аурушаң балалар тексеруден өтуі тиіс. Өткен жылы соқырішектен жасалған және тіс жұлдыру операцияларының салдарынан пайда болған гепатиттің алдын - ала диагнозымен 3 сәби анықталған еді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

25 сәуір 2012, 18:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.