Атырау, 28 қараша 09:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Бұл... бір қиын іс болды

2 742 просмотра

Облыстық әкімдік кеңесінде облыс әкімі Бергей  РЫСҚАЛИЕВ жергілікті ірі компанияларға Атырау қаласын көгалдандыру бағдарламасына қатысты салмақты талаптар қойды.

Облыс әкімі бағдарламаның бюджеттен тыс қаржылармен жүзеге асатынын еске түсірді:

- Бюджет қаржысын жұмсауға біздің құқығымыз жоқ, сондықтан инвесторлардың қаржыларын шоғырландыру үшін «Жасыл  Даму» қоры құрылды. Қордың қызметі ашық болады, оның жетекшісі тұрақты түрде сіздердің алдарыңызда есеп береді.

Облыс әкімінің орынбасары Болат ДӘУКЕНОВ кәсіпорындарға бағдарламаға қатысу үшін үш жол ұсынылғандығын хабарлады: 1) әкімдік белгілеген көшелер мен ықшамаудандарды өздері көгалдандыру. Бұл жағдайда кешенді әдіс талап етіледі: топырақты зерттеу, өсімдіктерді іріктеу, суару құбырын салу керек; 2) «Жасыл Даму» қорын қаржыландыру; 3) әлеуметтік нысандардың аумағын өсім-діктердің жерсінуін жүз пайыздық кепілмен көгалдандыру.

Аймақта жұмыс жасайтын 42 жер қойнауын пайдаланушылардан, Дәукеновтің айтуынша, 12-сі қорды қаржыландыруды, 7-уі әлеуметтік нысандарды көгалдандыруды таңдады.

«ЕмбіМұнайГаз» ӨФ директоры Жұмабек ЖАМАУОВ үш жолды ұсынды: бөлімше қызметкерлерінің саны бойынша 5 000 көшет отырғызу; қорға тиісті соманы аудару; мұнайшылар тұратын Сарықамыс ықшамауданын көгалдандыру,

- Сіздерге бөлінген С. Датов көшесін көгалдандырыңыздар, - деп тапсырма берді Рысқалиев.

- Миллион, миллион теңге, 300 мың – сіздер не, келемеж қыласыздар ма? – деп ашуланды жаңа қорға аударылған жарналар тізімін қарап шыққан облыс әкімі. – Бар болғаны 10 миллион теңге аударылған. Мұны өзіміз үшін сұрап отырмыз ба? Екі зауытты қаладан шығысқа қарай салады, сонда немен тыныс аламыз?

«ҚазТрансОйл» ЖАҚ Батыс филиалының директоры Фердинат МАМОНОВ қорға қаржы бөлуге дайын екенін, бірақ монополияға қарсы агенттік алдымен оларға мемлекеттік сараптама қызметі бекіткен қала кварталдарын көгалдандыру жобасын ұсынуды талап ететіндігін айтты.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

25 сәуір 2012, 18:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.