Атырау, 6 қазан 12:08
 ашықВ Атырау +14
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Жәнібек - жыл мұғалімі!

3 412 просмотра

20 сәуірде Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде жалпы қалалық «Жыл мұғалімі - 2012» байқауының жеңімпаздары  мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Атыраудыңтаңдаулы педагогы атағын биылғы жылы 36 жастағы Жәнібек ИЩАНОВ (суретте) алды. Қала әкімінің атынан оған Көкшетау сауықтыру шипажайына жолдама тапсырылды.

Марапаттау рәсімінен кейін мен Жәнібекпен әңгімелестім. Ол Қалмақстанда туып-өскен, сол жерде «Тарих және құқық» мамандығы бойынша мемлекеттік университетті аяқтады, ал, кейін Мәскеу ұлттық қатынастар институтын тәмамдады. Өзінің тарихи Отанына отбасымен бірге 2010 жылы көшіп келген. Өткен жылдың қазан айынан бастап №6 мектепте тарих және құқық пәндерінен дәріс береді.

- Сіз елге оралман ретінде көшіп келдіңіз бе? Елге оралғандардың көпшілігі өздерін лайықты қарсы алмады деп налып жатады.

- Мен не нәрсені болсын талап ету үшін алдымен сен өз еліңе не бере аласың, соны дәлелдеуің  керек деп ойлаймын. Біз, мәселен, әйелім және балам үшеуміз шағын ғана үйде (времянка) тұрамыз. Құжаттарға қатысты туындаған проблемалардың салдарынан көшу шығындарын ала алмадық, ал, пәтер кезегіне жақында ғана тұрдық. Алайда, мен оған бола жабығып жүргенім жоқ (жүзінде күлкі).

- Сіз ресейлік мектептерде де еңбек еттіңіз.  Айырмашылығы бар ма?

- Жоқ, балалар қай жерде болсын өз қуаныштары және проблемаларымен бірдей деуге болады. Оларды жәй ғана жақсы көре білу керек. Қазір мен өз пәнімді барлық сыныптарда, 5-ші сыныптан 11-ші сыныпқа дейін беріп жүрмін. Дегенмен, жоғары сынып оқушыларымен жұмыс істеген қатты ұнайды. Мен оларға дәріс беремін, бірақ, олардан мен көп нәрсені үйреніп жатырмын, өйткені менің өскен ортам басқа ғой.

- Байқаудың басқа тапсырмаларымен қатар, сіз ашық сабақ өткіздіңіз. Оның тақырыбы қандай еді?

- Экономикалық даму және экологиялық ахуал арасындағы теңбе-теңдікті қалай табуға болатындығын шешу үшін балалар өздерін парламент депутаттары, билік  және  қоғамдық ұйымдар өкілдері ретінде сезінулері тиіс.

- Ол проблеманы қалай шештіңіздер?

- Ақылмен шештік деуге болады. Олар зауыттарды тоқтатуға болмайтынын біледі. Бірақ, экологиялық талаптарды сақтауды қатаң қолға алу керек деп есептейді. Сондай-ақ, тазарту қондырғыларының жүйесін жетілдіріп, кәсіпорындарды өз аумақтарын көгалдандыруға міндеттеу керек дейді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

25 сәуір 2012, 18:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.