Атырау, 24 қараша 08:44
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сарапшылар және сыбайластық

2 255 просмотра

«Нұр Отан» филиалында Атырау облысының мәжіліс депутаты Асхат БЕКЕНОВПЕН болған таяудағы кездесуде термомодернизациялау бағдарламасы басты мәселе болды.

Бекенов термомодернизациялау және «Ақ Бұлақ» (сумен қамту) мемлекеттік бағдарламаларын бақылау жөніндегі Сараптама кеңесінің құрамына кіреді. Онымен болған кездесуге қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен бірнеше ПИК-тің өкілдері шақырылды. Шара аяқталған кезде депутатпен шағын ғана сұхбат өткізуге тырыстым.

- Күрделі жөндеуге қаржыны Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттік күзде бөлген еді. Бәлкім, жұмыстардың суық кезде жүргізілгендігі әсер еткен болар, - деді депутат күрделі жөндеу сапасының нашарлығына байланысты қойған сұрағыма жауап беріп. – Егер қандай да болмасын кемшіліктер бар болса, мердігер компания қайта жасауға міндетті. Сапаны бақылау – қабылдау комиссиясының міндеті. Оның құрамына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің, ПИК-тің өкілдері және тұрғындардың өздері кіреді.

Мен оған кейбір тұрғындардың, атап айтқанда, Махамбет көшесіндегі 118 А мен Б үйлеріндегі тұрғындардың сметалар аса жоғары мөлшерде жасалған деген жорамалдарын айттым.

- Олар сонда бұл ақшаларды ТКШ өз қалталарына салып алады деп айтқысы келеді ме? – деді ол қарсы сұрақ қойып. – Бұл қалайша болмақ? Белгілі бір қаржылар бөлінеді, бұл көлем мердігер мекемеге өтеді. Немесе олар ТКШ мен мердігерлер бірге ұрлайды дегісі келе ме?

Мен бюджет қаржыларының негізсіз шығындары туралы айтпағанның өзінде, смета жоғары болған сайын тұрғындардың қайтаратын ақшасы да көп болатындығын түсіндіруге тырыстым.

- Смета бекітілген кезде, ол 17 сараптамадан өтеді. Сонда жер-жерде сыбайлас жемқорлар отырғаны ма? – деп Асхат Бекенов қайтадан күйіп-пісті.

Сараптама кеңесінің мақсаты - мемлекет қаржыларының дұрыс және тиімді жұмсалуына бақылау жасау өте қиын шаруа.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

25 сәуір 2012, 18:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.