Атырау, 24 қараша 08:22
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жедел сақшы көзден ғайып болды

2 742 просмотра

Бұл күн 43 жастағы Атырау қаласының тұрғыны Элла МИРОНОВАНЫҢ (суретте) есінде мәңгі сақталады.

КӨЗІМДІ АШСАМ БАСҚА ЖЕРДЕ ОТЫРМЫН

Осы жылдың 6 наурызы күні Элла Миронова әдеттегідей өз үйінен (Дамбы поселкесі) жұмысына №8 маршрутпен шықты. Оның жұмыс орны – «Арын» құрылыс базары маңындағы «Гелиос» жанар-жағар май стансасы. Аялдамадан түсіп, жан-жағына қараған ол машина жоқ болған соң ақырын жолдан өте бастады.  Жұмысы, бар-жоғы 50 метрдей жерде.

Одан әрі ештеңе есімде жоқ. Көзімді ашсам, мүлде басқа бір жерде – «Ақ Жайық» қонақ үйінің алдындағы баспалдақтарда отырмын. Бүкіл денемді ауырсынамын, басым айналады. Бірінші болып есіме келгені – сөмкемді аштым, онда сол күні балама автокөлік сатып алам деп үйден алып шыққан 1 миллион 600 теңге болуы тиіс еді. Алайда, ақша жоқ болып шықты. Мен жұмысыма қоңырау шалдым, тұтқаны кезекші диспетчер Ира алды, ол бірден «сен қайдасың?!» деп айқайға басты, бес минуттың ішінде мені алып кетуге әріптестірім келіп, ауруханаға апарды,  – дейді Элла.- Жол бойында олар не болғанын айтты. Мені машина қаққан. Мұның бәрі олардың көз алдында қас-қағым сәтте болған, олар, тіпті не болғанын түсініп те үлгермеген. «Соққының қатты дыбысы шықты, сені «Жедел сақшы» деген жазуы бар Нива қақты, сен бірнеше метрге дейін ұшып кеттің», - деп әңгімелейді әріптестер. Нивадан екі адам шығып, сені машинаға салды да кетіп қалды.

Әріптестері Элланы облыстық аурхананың нейрохирургия бөлімшесіне орналастырды. Ауруханаға жол полициясының жауап алушысы келген кезде ол бірден ақшаның жоғалғандығын айтты. Алайда, ол басынан-ақ бұл шағымды елемеді.

 

ЖАРТЫ МИЛЛИОН ЖОҒАЛДЫ

Осы жол-көлік оқиғасын тергеуші жол полициясының жауап алушысы  Самиғолла ЖАҚСЫЛЫҚОВ Элланың әріптестерінің куәлік айғақтарының арқасында барынша тез анықтауға қол жеткізді: Миронованы қаққан қызметтік Нива көлігінің рөлінде «Жедел сақшы» жеке күзет қызметінің қызметкері отырған болып шықты.

- Ол ЖКО болғандығын бірден мойындаған жоқ, - дейді С.Жақсылықов. - Өзінің онысынан ештеңе шықпайтынын түсінген ол өз жорамалын айтты: ол жолдасымен бірге зардап шегушіні ауруханаға апармақшы болған, бірақ ол жолда айқай шығарып, өзін түсіріп кетуді талап еткен. Содан олар оны «Ақ Жайық» қонақ үйінің алдына қалдыруға мәжбүр болған.

- Миронова өзінің сөмкесінде 1,6 миллион теңге болғанын айтады, оның қазір жоқ екендігіне сендіреді. Ол бірінші жауап алу кезінде бұл туралы сізге айтты ма? 

-Жоқ, Миронова тергеу барысында ақшаның жоғалғаны туралы маған хабарлаған жоқ. Мен бұл туралы кейін прокуратура қызметкерлерінен білдім. Ол прокуратураға ақшаға қатысты шағымданған  көрінеді. Егер ол ақшаға қатысты сол уақытта хабарлағанда, біз оны ЖКО туралы іске қоса тіркеп жіберген болар едік. Істің барысына келетін болсақ: оқиғаға жүргізушінің кінәлі екендігін мен анықтадым. Қазір сот-медицина сараптамасының қорытындысын күтіп отырмыз: істің әкімшілік немесе қылмыстық болып қаралатындығы Миронованың  алған жарақатының ауырлық дәрежесіне байланысты болады.

«АЖ» тілшісіне облыстық ауруханада наурыз айында Мироновамен бір палатада жатқан кейбір пациенттермен сөйлесуге мүмкіндік туды. Күләш ИСМАҒҰЛОВАНЫҢ айтуынша, ол Элла мен тергеуші арасындағы әңгімеге еріксіз куә болған екен. 

- Біз ақшасының жоғалғанына қатты ренжіген Элланың жылағанын естіп отырдық. Ол бұл ақшаны отбасымен бірге   біраз уақыттан бері ішпей-жемей жинағандарын айта бастады, бірақ оның сөзін бөлген тергеуші:  «Бұл туралы сіз жеке айтып бересіз», -  дегенін еске түсірді Күләш. – Біз, әрине, заңды егжей-тегжейлі білмейміз ғой, дегенмен, жоғалған ақша туралы бірден арызданбай ма деп таң қалыстық.

Тағы бір пациент Гүлсім ӨТКЕЛБАЕВА да аурухана палатасындағы болған бұл әңгімені есінде сақтаған екен.

-  Жауап алушы оған жоғалған ақша туралы арыздануға мүмкіндік бермеді, оған «Ақшаның жоғалуының іске қатысы жоқ», - деді.

 

ҚАҚҚАН АДАМДЫ КӨРСЕМ ДЕП ЕДІМ...

Элла Миронованың емдеуші дәрігері Мақсот ЖҰМАШЕВ оған «мидың шайқалуы, жұмсақ тіндердің зақым алуы, маңдайының тері асты қанды ісігі, алдыңғы құрсақ қуысының  және оң жаң жамбасының жарақаты» деген диагноз қойды.

Элла Миронова ауруханадан шыққанға дейін емдеуші дәрігерінің томография бөлімшесіне баруға неге рұқсат бермегендігін түсінбей қалды, ол оның қызметі үшін Элла ақы төлеуге де дайын еді. Ол өзін ауруханадан тез шығарып жіберді деп есептейді. Мен бұл сауалды Мақсот Жұмашевке қойғанымда, ол шынымен таңданыс білдірді:

- Мироноваға томографияға түсудің қажеттілігі болған жоқ. Мен оның мүддесі үшін яғни, химиялық сәуле алмасын деген оймен рұқсат етпедім. Емдеу мерзіміне келетін болсақ, 10 күн жеткілікті болатын. Ауруханадан шығар кезде Миронованың жағдайы жақсы болды.

Элла Миронова болса олай деп есептемейді:

-Мен аурухандан шыққаннан соң бірнеше күннен соң ғана өз бетіммен жүре бастадым. Ал, қазір Астраханға толық  тексеруден өтуге баратындай күйде емеспін.

Осы уақыт ішінде Мироноваға жол апатына кінәлі адаммен кездесудің сәті түспеді:

– Ауруханаға оның туысқандары келіп, ол үшін кешірім сұрады. Алайда, олар көбіне менімен емес, менің емдеуші дәрігеріммен сөйлесіп жүрді. Мен өзімді қағып кеткен жігітке қояр сұрақтарым бар еді, бірақ маған ондай мүмкіндікті ешкім бермеді.

 

ПРОКУРОРДЫҢ ЖАУАБЫ

14 наурызда Элла күйеуі Владимирмен бірге прокуратураға арыз жолдады. Онда олар тергеушінің ЖКО-нан зардап шегушінің сөмкесінен 1,6 млн теңгенің жоғалу фактісін іске қоса тіркемей отырғандығына шағымданды. Атырау қаласы прокурорының міндетін атқарушы Әсет БЕКНАЗАРОВ хабарлағандай, 2012 жылғы 16 наурыздағы қылмыстық істі көтеруден бас тарту туралы шешім бұзылды. Іс қосымша тергеуге жіберілді.

Сәния ТОЙКЕН

25 сәуір 2012, 18:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.