Атырау, 24 қараша 08:47
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Аяқ бассаң - айыппұл

2 640 просмотра

Атыраулық полицейлер ұсақ құқық бұзушылықтардың  алдын-алу  шараларын жүргізді. 

ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, 17-19 сәуір аралығында патрульдік-күзет қызметінің қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар облыс орталығында 150-ден аса ұсақ құқық бұзушылықтарды анықтады. Оның көп бөлігі қоғамдық орындарды бүлдіргендер болды.

Айталық, Әуезов көшесіндегі №52 үйдің ауласында бортты Газель көлігін жуған жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 387-бабына сәйкес, 1 АЕК (1 618 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Дәл сондай сомаға сол көшедегі №51 үйдің қоқыс салған пакетін контейнерге жетпей лақтырған тұрғынына да салынды. 1 АЕК көлеміндегі айыппұл сондай-ақ, Исатай-Махамбет алаңында шекілдеуік шағып, қабығын жерге түкіріп тастаған бойжеткенге де салынды. Авангард-3 мөлтек ауданындағы №40 үйдің тұрғынына үйдің подъезі алдында тұрып сыра ішкені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 336-бабы бойынша 2 АЕК (3 236 теңге) айыппұл салынды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 сәуір 2012, 18:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.