Атырау, 24 қараша 08:39
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Зауыт та салынады

1 836 просмотра

Атыраудағы биылғы жылдың аяғында аяқтау жоспарланған жаңа қоқыс полигонын тапсыру уақыты кейінге қалдырылды.

Бұған жобаға түзету енгізу себеп болып отыр. Жаңа полигонмен бірге қоқысты кәдеге жарататын зауыт салу да ұйғарылған еді. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Бауыржан ЖАЙСАНОВТЫҢ айтуынша, қоқыс өңдейтін шағын зауыттың жобасы дайын екен. Ол мемлекеттік-жеке серіктестік принципі бойынша салынбақ. Ондағы бизнесті қоқыс полигонын салып жатқан «СнабОйл» ЖШС жүргізбек. Зауытты салу мерзімі  мен қаржы көзін (облыстық немесе республикалық бюджет екенін) Жайсанов:

- Әлі ештеңе белгісіз, - деп атамады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

25 сәуір 2012, 18:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.