Атырау, 24 қараша 08:42
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Құрылғылар қалғып тұр

2 167 просмотра

Атырау жолдарындағы Red speed жылдамдықты бақылау-өлшеу аспабының жарамсыз боп қалғанына бір жыл болды. Бұған не себеп?

- Біз техник-мамандар емеспіз, нақты айта алмаймыз. Бірақ кешікпей бізге «Ғаламдық технологиялар» ЖШС-нен мамандар келуі тиіс. Біз олармен  жылдамдық өлшеу аспабына жыл сайын қызмет көрсету келісім-шартын жасаған болатынбыз, - дейді ІІД ЖПБ бастығы Берік АМАНГЕЛДІ. – Анағұрлым толық мәлімет алу үшін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына хабарласыңыз. Аспаптар солардың балансында.

– Бюджеттен жөндеуге  ақша бөлініп, тендер жарияланды, - деп ахуалға қысқаша сипаттама берген еді сол кезде әлі қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы боп тұрған Жұмабай ҚАРАҒАЕВ.

Жарамсыз болғанға дейін жылдамдық өлшегіштер орташа алғанда айына 800-дей ереже бұзушылықтарды тіркеген. Атыраулық жүргізушілер, әсіресе, арнайы қызмет пен мемлекеттік органдардың көліктері жол бойында жүйткігенді ерекше жақсы көретінін атап өтті. Алғашқылары қызметтік қажеттілік дегенге сілтесе, екіншілері өздерінің жазасыз қалатындықтарына сенімді. Дегенмен Берік Амангелді ереже бұзушыға қайда жасайтындығына қарамастан жаза тағайындалатынын растап отыр.

Облыс орталығындағы қозғалысты реттеуге жол қозғалысын басқарудың автоматтанған жүйесі көмектесер еді. 

– Біз әкімдік алдына жол бойында «жасыл дәліз» құруға мүмкіндік беретін осы жабдықты сатып алу туралы әлденеше рет мәселе қойған едік, - дейді Б. Амангелді. – Оның көмегімен қарбалас сағаттарда көшелердегі қозғалысты азайтуға болар еді. Әзірге бюджеттен бұған ақша табылмай отыр.

Алайда жол полициясы жүргізушіге қатысты автоматтандыруға қол жеткізген еді. Бірнеше жылдан бері Қазақстанда бүкіл дерек жазылған чипі бар жүргізуші куәлігі қолданылып келеді. Ал осы ақпаратты оқитын терминалдар кез-келген жерде жоқ.

– Бізде жол қозғалысы ережесін бұзу есебінің бірыңғай жүйесін қамтамасыз ететін «Бақылау» жүйесі жұмыс істейді. Барлық инспекторлар оқу курсынан өткен, қолда бар терминалдардың көмегімен осы ақпаратты оқи алады, - деп сендірді Б. Амангелді.

Алайда жақында Грузияда болған танысымның басынан мынадай бір жағдай өткен. Сол жердегі жергілікті жол полициясының қызметкерлері абдырап қалыпты: қазақстандық жүргізу-ші құжаттарының чиптері тап-таза екен. Ол жерде бұрынғы ереже бұзушылықтар туралы ақпарат қана емес, тіптен ешқандай ақпарат жоқ көрінеді. Ақауы бар куәлік тап болды ма, әлде грузиннің аспабы өзгеше ме, не болғанын түсінбеген олар алды-артына қарамай үйлеріне оралған екен.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

25 сәуір 2012, 18:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.