ІІМ басшылығы Ахмедияровты өлтіруге оқталу туралы істі тергеуді бақылауға алды деп хабарлайды жұмада ведомствоның баспасөз қызметі.
2012 жылғы 19 сәуірде сағат 22 40 минутта 23.12.1975 жылы туған Ахмедьияров Лұқпан Сайлауұлы «Уральская неделя» газетінің тілшісі Орал қаласының жедел жәрдем бригадасымен «Қалалық аурухананың» травматологиялық пунктіне «АБМЖ» желкесі қысылып сынған, алдыңғы сол жақ кеудесіне терең шаншылып-кесілген жарақатымен, сол жақ өкпесінің зақымдануымен, асқазан диафрагмасымен, сол жақ самайы жеңіл шаншылып-кесілген жарақатымен, оң жақтағы желкесі, оң жақ белі шаншылып-кесілген жарақаттарымен, санының жоғарғы тұсының шаншылып-кесілген жарақатымен, оң жақтағы жоғары иық алдындағы оқ тиген жарақаттарымен жеткізілді.
«Оқиға орнына Орал қаласы ІІБ-нің және Батыс Қазақстан облысының ІІД жедел тергеу топтары, сондай-ақ полиция жасақтары барды. Оқиға орнын тексеру кезінде атыс қарудың резеңке оғы, аяқ киімнің бір сыңары, «Дербес мягкое» сырасының бөтелкесі, көгілдір түсті дақтар табылған, олар бойынша сараптама тағайындалған»,-делінген ІІМ хабарламасында.
Осы күні бұл іске қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 96-бабының 2-тармағы, 24-баптың 3-тармағында көзделген қылмыстың белгілері негізінде қылмыстық іс қозғалды, істің өндірісі Батыс Қазақстан облысының ІІД Тергеу басқармасына тапсырылды.
Осы қылмысты жасаған адамдарды көрген-білген және куәгер болған тұлғаларды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралар кешені жүргізілуде.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.