Атырау, 31 наурыз 17:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +11
$ 448.05
€ 486.58
₽ 5.82

Аягөзде әскери бөлімде қаза тапқан жауынгер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

1 592 просмотра

АСТАНА, 20 сәу – Қазақстан жаңалықтары АА. Аягөзде  әскери бөлімде өткен бейсенбіде жарылыс нәтижесінде  жауынгердің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Бас әскери прокуратура баспасөз қызметі.


Ведомствоның мәліметінше, 19 сәуірде  сағат 12.00-де 10810 әскери бөлімнің  машиналар саябағында жеке құрамның әскери техникамен қызмет көрсетуі кезінде белгісіз  жарылғыш құралдан жарылыс болды, нәтижесінде төрт әскери қызметкер  түрлі ауыр  жарақат алды, олардың біреуі ауруханаға жатқызу кезінде көз жұмды.

«Осы факті бойынша Аягөз гарнизоны әскери прокуроры Қылмыстық кодекстің  390-бабының 2 -тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады», - делінген хабарламада.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

20 сәуір 2012, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.