Атырау, 28 қараша 09:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

ҚМГ БӨ өзінің KPI-дегі үлесін $33,5 млн-ға сатты

2 135 просмотра

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ») «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС («Қазақстан Петрокемикал Индастриз Инк.) («KPI») жарғылық қорындағы 51% үлесін «Біріккен химиялық компания» ЖШС-не сату жөніндегі мәмілені аяқтағанын жариялайды деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«KPI» ЖШС «ҚР Атырау облысындағы алғашқы интеграцияланған газ-химиялық кешенінің құрылысы» жобасының операторы болып табылады. «Біріккен химиялық компания» ЖШС бұл жобадағы ҚМГ БӨ-дің үлесін 2009 жылдан бері сенімді басқару негізінде басқарып келген. Мәміле 2012 жылдың 2 наурызында ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген болатын.


Мәміленің құны 4,86 млрд. теңге (төлем жасалған күнгі АҚШ доллары бағамы бойынша 33,5 млн. доллар). Бұл мәмілені іске асыру нәтижесінде ҚМГ БӨ инвестицияны жүзеге асырудан 4,86 млрд. теңге кіріс көреді. Бастапқы инвестицияның сомасы сату бағасымен тең болғандықтан, бұл табыстан салық алынбайды.
Бұл жобадағы үлесті сату ҚМГ БӨ-нің 2020 жылға дейінгі Стратегиясында көрсетілгендей, Компанияны бейінді емес активтерден, соның ішінде мұнай- химиясы бизнесінен шығаруға сай келеді.


ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай») және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2011 жылы 12,3 млн. тоннаны (тәулігіне 250 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2011 жылдың соңындағы жағдай бойынша 226 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,1 млрд. жуық баррелді құрайды. Компанияның акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты. 2011 жылдың желтоқсанында халықаралық Standard & Poor’s агенттігі ҚМГ БӨ несиелік рейтингін «ВВВ-» деңгейінде және 2011 жылдың қыркүйегінде GAMMA корпоративтік басқару рейтингін «GAMMA-6» деңгейінде растады.


«Біріккен химиялық компания» ЖШС Қазақстан Республикасы Президентінің «химия саласының жобаларымен айналысатын арнайы компания құру» жайында берген тапсырмасын орындау мақсатында «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен құрылған. Серіктестіктің негізгі міндеті – Қазақстан Республикасында химия өнеркәсібін дамыту.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

20 сәуір 2012, 09:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.