Атырау, 12 желтоқсан 08:51
 қар жаууы ықтималВ Атырау +1
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

ӨЛІ БАЛЫҚТАР ҚАЛҚЫП ЖҮР

6 743 просмотра

Көктемгі су жағалауға мыңдаған өлі сазан, табан және қаракөз балықтарын шығарып тастады. Осынау жан ауыртар көріністі Еркінқаладағы балық жүретін каналдан (Рыбоход) көруге болады.

Кейбір балықтаркеуіп үлгерген, олардың  ол жердежатқандарына бір апта ғана болмаған. Алайда, біз бұл дабылды балық қорғау инспекциясының қызметкерлерінен емес, біздің оқырманымыз Владимирден алдық:

– Біз канал маңымен жексенбі күні жүріп өттік, жағалау түгелдей дерлік, шамамен 1-2 шақырымдай жерге дейін  өлі балықтарға  толы. Оның көбісі сазан, олардың саны мыңға жетеді.

Көрсетліген жерге дейін барып, біз мұны өз көзімізбен көріп қайттық. Судағы қайраңда төңкеріліп жатқан ірі-ірі сазандар, табан және ұсақ қаракөздер; құрылықта қалғандары кеуіп үлгерген. Жағымсыз иіс. Жағалаудың екі жағы да осылайша бірнеше шақырымға дейін созылып жатыр.

Біз бұған қатысты түсінік алу үшін Жайық-Каспий облысаралық бассейндік инспекцияға жолықтық. Инспекция бастығының орынбасары Әлібек БҰХАРБАЕВ былай деді:

- Биылғы қыста қандай қар болғанын, мұздың қалыңдығының қандай болғанын өздеріңіз жақсы білесіздер. Қар 50-60 см болды. Біз күн сайын мұзойықтар, оның ішінде осы Рыбоходкада  жасап отырдық, бірақ, бәрібір балықтарға оттегі жетіспеді. Және бұрын қалай болды дейсіз, мұз  кеткен бойда  су келетін, ал, биылғы жылы Иректі су қоймасының өзіне су жетіспей жатыр. Су жоқ болғасын ағыс та жоқ. Ал, бұл балық үшін де өте қауіпті.

- Ондағы өлген балықтардың қанша екендігін өз көзіңізбен көрдіңіз бе?

- Мен көргенім жоқ, бірақ, естідім, бүгін таңертең маған ол туралы айтылды. Біз шарасын алып жатырмыз. Мұның бәрін су тоғандары бекітіліп берілген балық аулау кәсіпорындарынан жинап алуды сұраймыз.

Сәуле ТАСБУЛАТОВА, суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ.

19 сәуір 2012, 18:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.