Атырау, 24 қараша 09:06
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ұялы нарықтағы өзгеріс

1 944 просмотра

Енді ұялы компаниялардың абоненттері лотереялардың, викториналардың төрт орынды нөмірлеріне sms жолдай алмайды. Бұл қызметтерге қолжетімділікті операторлардың өздері ажыратып тастапты. Олар наурыз айынан бастап қолданысқа енген ұялы байланыс қызметін көрсету ережесін бұзудан қорқып отырған көрінеді.

Осынау қолайсыз өзгерістердің түп төркіні – ұялы байланыс қызметінің саласында алаяқтыққа жол бермеу.

Адамдар әлденеше рет жасалған ескертпелерге қарамастан әлі күнге дейін интеллектуалды деп аталатын нөмірлерге sms жолдап, алданып қалады. Абоненттерге қандай да болмасын викторинаға қатысқаны үшін ащы зардабын тартуға тура келеді.

Бізге ұялы байланыс операторларының бірінің өкілі түсіндіргендей, енді компаниялар өз клиенттерін төрт орынды нөмірге жіберілген хабарламаның құны туралы хабардар етуге міндетті.

Мәселен, абонент sms-дауыс беруге қатысқысы келіп, қысқа нөмірге хабарлама жібереді. Жаңа ереже бойынша оператордан осы қызметтің құны көрсетілген хабарлама келуі тиіс. Егер құны абоненттің көңілінен шықса, онда ол қайтадан sms жолдайды. Содан кейін ғана оның есебінен ақша ұсталады.

Сөйтсек, екі алып Kcell және Beeline ұялы байланыс операторлары үшін бұл қиын шаруа көрінеді. «Жаңа ережеде қазіргі көптеген мобильдік операторларда жоқ техникалық мүмкіндіктер, яғни, интеллектуалды қызметтерге қол жеткізуді ұсыну механикасы қарастырылған, - деді бізге ұялы компанияның жергілікті филиалындағылар. Содан соң қорғаныс тәсіліне көшті: - Үкімет тарапынан бізге техникалық мүмкіндіктерді реттеуге уақыт берілген жоқ. Дегенмен біз бұған қарсы емеспіз».

Операторлардың абоненттер үшін төрт орынды нөмірлерге қолжетімділікті қашан ашатыны белгісіз. Ешкім тіпті жорамалданған мерзімді де атамайды.

Анастасия ПАСТУХОВА

19 сәуір 2012, 18:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.