Атырау, 24 қараша 09:01
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Есірткісіз болашақ

20 270 просмотра

Есірткі пайдалану бүгінде әлемдегі қатерлі әлеуметтік дерттің қатарынан саналады. Әрі оның басты нысанасы – жастар.  Оның ішінде мектеп оқушылары да кездеседі. Ғасыр індетінің қоғамға зияндығы жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында  өткен «Есірткісіз болашақ» атты сурет көрмесіне қойылған балалар шығармасында бейнеленді.

Жас қылқалам шеберлерінің байқау-көрмесі өткен бейсенбі күні облысытқ Ш.Сариев атындағы өнер мұражайында қорытындыланды. Байқауға аудандардан, қала және қала шеңберіндегі селолық округ мектептерінен 69 оқушы қатысты және олардың 103 суреті  көрмеден орын алды. Жас шеберлердің шығармасын танымал суретші Рафаэль Сілекенов төрағалық еткен әділқазылар алқасы бағалады.  Ол акварельдік бояумен, гуашь, қарындашпен салынған суреттердің мазмұнды, көркем болып шыққанын ерекше атап көрсетті. Нәтижесінде жас таланттар арасынан 1-ші орынды Аслан СҮЙІНОВ жеңіп алды. Аслан Индердегі Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы. 2-ші орынды Зейнеп ЗИННОРОВА (Атырау қаласы) мен Мақат ауданынан Альбина ДҮЙСЕНБАЕВА бөлісті. Ал үшінші орын Еділбек БАҚЫТОВҚА (Құрманғазы адуаны), Нұрдәулет БАҚЫТЖАН (Индер ауданы) және Нұрлан НҰРТАЕВҚА (Жылыой ауданы) бұйырды. Жүлделі орынды иеленген жеңімпаздарға өнер мұражайы атынан арнайы дипломдар мен сыйлықтар – ұялы телефондар табыс етілді. Сондай-ақ,  байқау-көрмеге қатысқан басқа да оқушылар есімі аталып, оларға да дипломдар  және сурет салуға қажетті барлық құралдар жиынтығы сыйға тартылды.  Байқау-көрмені қорытындылау шарасында  сөз алған өнер мұражайының директоры Ж.Зайдуллин, облыстық мәдениет басқармасының бас маманы Клара Тілеуғалиева жыл сайын мұражай ұйымдастырып отырған  аталмыш шараға қатысушы мұғалімдер мен ата-аналарға алғыстарын білдірді. Сонымен бірге облыстық наркологиялық диспансердің психологі Ұлмекен Әжіғалиева бүгінгі күннің басты проблемасына айналған нашақорлықтан аулақ болуға шақырды. Көрмеге қатысушылар жас суретшілер қолынан шыққан шығармаларды тамашалады.

Гүлсара ҚАЙЫРОВА

19 сәуір 2012, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.