Атырау, 7 қазан 09:04
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Жасыл» бақылаушы

2 224 просмотра

Атырау облысының тергеу изоляторында осы мекеменің қызметкері марихуана оралған түйіншекпен қолға түсті.

ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы Қандарбек БАҚТЫГЕРЕЕВТІҢ айтуынша,тергеу изоляторының 21 жастағы бақылаушысы шаруашылық ауласының аумағында, әдетте қызметкерлер киім ауыстыратын жерде ұсталды.

- Жеке тінту кезінде өсімдік тектес күңгірт-жасыл түсті зат оралған қағаз түйіншек табылды. Сараптама оның марихуана екендігін көрсетті.

ҚР ҚК-нің 259-бабы (Есірткі заттарды заңсыз сақтау және сату) және 307-бап (Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану) бойынша қылмыстық іс көтерілді.

Сәния ТОЙКЕН

19 сәуір 2012, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.