Атырау, 4 қазан 16:09
 ашықВ Атырау +16
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Уылдырық қайда кетті?

2 016 просмотра

Бейресми ақпарат көздерінен белгілі болғанындай, 14 сәуірде Жилгородоктағы пәтерлердің бірінен Атырау облыстық ҰҚК департаментінің қызметкерлері  25 келі қара уылдырықпен  Ресей Федерациясының азаматын ұстады.

ҰҚК департаментінде бұл фактіні растағанымен, ол туралы нақты ақпарат бермеді.

- Біз барлық материалды облыстық прокуратураға жолдадық, ендігі іс барысы ІІД құзырында,– деп мәлімдеді ҰҚКД баспасөз қызметінің жетекшісі Темірбек МҰҚЫШЕВ.– Менің білуімше, ресейлік азамат  қамауға алынбаған.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі  Гүлнәзира  МҰХТАРОВАНЫҢ  айтуынша, оларға ресейліктің ұсталып, 25 келі уылдырықтың тәркіленгендігі туралы қандай да бір мәліметтер түспеген көрінеді.

Облыстық прокуратураның жауап алу және тергеуді қадағалау жөніндегі басқарма бастығы Ғалымжан ҚҰЛМАНОВ былай деп жауап берді:

- Бізге бұл материал түскен жоқ. Біз де оны іздестіріп жатырмыз.

Тіпті, бірнеше күннен бері осы іс жөніндегі  құжаттардың және тәркіленген уылдырықтың  қайда жоғалып кеткендігін прокуратура да, полиция да түсіндіріп бере алмады. Бейресми ақпараттар бойынша ресейліктер балық қорғау қызметкерінің бірінің пәтерінде ұсталғандығы белгілі болды. Бізге заттай айғақ болып есептелетін дәлелді барлық браконьерлік балық пен уылдырық сақтауға тапсырылатын «Надежда» ЖШС-де суретке түсіріп алуға мүмкіндік туды. Біздің құқық қорғау органдарының таба алмай отырған барлық 50 банкі (500 гр) (суретте) қортпаның шикі уылдырығы міне, осылар.

Сәния ТОЙКЕН,

суретті түсірген автор

19 сәуір 2012, 16:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.