Атырау, 26 желтоқсан 15:48
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Туға "құрмет"

2 387 просмотра

Мемлекеттік туды қорлаудың осынау өрескел фактісіне Әсел есімді оқырманымыз куә болды.

11 сәуір күні кешкісін жұмыстан шыққан ол көшені тазалап жүрген гастарбайтерлердің қоқыстарды еліміздің көк байрағына салып, шығарып жатқанын байқаған. Ол мұны ұялы телефонға түсіріп алыпты.

-  Мен Орталық ықшамауданның бойымен өтіп бара жатқан едім. Бастапқыда маған солай көрінген шығар деп ойладым. Жақындап келіп, көлігімді тоқтатып қарағанымда, көгілдір матадағы сары түсті ұлттық символдарды көрдім. Содан соң ұялы телефоныма түсіре бастадым. Дегенмен, мені көрген жұмысшылар, тіпті қымсынған да жоқ. Олар тудың үстіне қоқыстарды салып, үйілген қоқысқа қарай таси берді, - деп әңгімелейді Әсел суреттерді көрсетіп.

Айтпақшы, осы көрініс орын алып жатқан маңдағы дуал көлік прокуратурасының ғимаратын қоршап тұр.

Бұл фотосуреттер «АЖ» сайтына (www.azh.kz) жарияланған бойда, редакцияға қоңыраулар легі соғылып, құқыққорғау органдарының қызметкерлері келді. Ал дүйсенбі күні ІІД баспасөз қызметі осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

-  ҚР Қылмыстық кодексінің айыппұл салудан бастап, бір жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны қарастыратын 317-бабы (ҚР Мемлекеттiк туын,  елтаңбасын немесе әнұранын қорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды, – дейді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВА. ІІД анықтау басқармасы күдіктілерді және еліміздің туының олардың қолдарына қалай түскенін анықтауда.

Сайтымыздағы көптеген комментарийлерге байланысты айтарымыз – осы суреттерді бізге ұсынған және олардың өзара сөйлескен әңгімелерін естіген оқырманымыз Әсел олардың жергілікті тұрғындар емес екендігіне сенімді.

Азамат МАЙТАНОВ

19 сәуір 2012, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.