Атырау қаласында тұратын көп балалы отбасы Жаңбыровтардың шаңырағында тағы бір қуанышты жағдай орын алды: отбасында бірден үшем дүниеге келді!
39 жастағы Сәуле ДЕМЕШЕВА өзінің үшем сәбиді «көтеріп» жүргендігін УЗИ-ден білді.
- Күйеуім екеуіміздің бұлардан басқа алты баламыз бар, - деп әңгімелейді Сәуле. - Мен бұл жаңалықты отбасыма айтар кезде қатты қобалжыдым, алайда, жолдасым мен балаларым маған қолдау танытты. Әрине, жүктілік кезінде үшеуін бірдей аман-есен қалай босанам деп қатты уайымдадым. - Үшем жарық дүниеге 27 наурызда келді, сәбилер кесір тілігі жолымен алынды, – дейді облыстық перзентхана үйінің жаңа туған балалар патологиясы және шала туылған балаларды күту бөлімінің меңгерушісі Ақерке ЕЛУБАЕВА. Салмағы 1 310 және 1 870 грамм екі ер бала және салмағы 1 670 грамм болатын қыз бала. Олардың үшеуі бірдей бірден кювез-инкубаторға орналастырылды.
Алғашқы үш күн ішінде сәбилердің үшеуі де арнаулы зонды арқылы қоректендірілді. Бүгінгі күні олардың екеуі анасының сүтімен қоректеніп, салмақ қосуда. Ең кішісі де тырысып келеді, салмағы 1 540 грамға жетіп те үлгерді, дегенмен, әзірге түнге қарай кювезге жатқызылып келеді.
-Наркоздан оянып, кіп-кішкене бөбектерімді көргенде қорқып кеттім. Оларды қолыма ұстауға жүрексіндім, олар сондай кішкентай болды, - деп еске алады Сәуле. – Маған бірден үшеуіне бірдей қарау алғашқыда қиын болды, бірақ, дәрігерлер көп көмек көрсетті. Балаларым үйде оларды асыға күтіп отыр, кішкене бауырларын бағамыз деп уәде етіп қояды. Біз оларды Ержігіт, Ертілеу және Аягөз деп атадық. Дәрігерлер олардың салмақтарының 2 келіге жетуін күтуде, сол кезде ғана үйге шығатын боламыз.
Жаңбырбаевтар отбасы Махамбет ауданынан көшіп келгелі жалдап отырған шағын ғана времянкаларының тарлығына қарамастан өздерінің кіп-кішкене бауырларымен жүздесетін күнді асыға тосуда. Өйткені, өмірдің мәні мен базары осы балалар деп есептейді ерлі-зайыптылар. Олар ештеңе сұрап отырған да жоқ. Алайда, биліктегілер бұл жағдайдың ерекшелігін ескеріп, баспана жағынан көмектесіп жатса, әрине, жақсы болар еді.
Тамара СУХОМЛИНОВА, суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ