Атырау, 28 наурыз 21:34
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Кепілдіктен көмек болмады

3 254 просмотра


Тергеуге алынған «Атырау Су Арнасы» КМК басшысы Андрей ТАШЛЫКОВҚА қатысты бұлтартпау шарасы тағы да өзгерді. 2 қазан күні ұсталған Ташлыковқа тергеушілер Қылмыстық кодекстің 189 («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу»), 362 («Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану») және 369 («Қызметтiк жалғандық жасау») баптары бойынша айыптар таққан. 

Сот 2 айға қамауға алу бұлтартпау шарасын кепілдікке босатуға өзгерту мүмкіндігімен санкциялады. Бірнеше күннен кейін ол туыстары жылжымайтын мүлік түрінде 70 млн теңге сомасындағы кепіл қаржыны төлеген соң босатылған. Алайда 19 қазанда күдікті тергеушінің өтініші бойынша тағы да 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, қайта қамауға алуға өтініш бере отырып тергеуші сотқа 2015 жылдың қаңтары мен қазіргі кезге дейін «АСА» басшысының Ресей Федерациясына, соның ішінде көрші Астрахан қаласына жалпы алғанда 50 рет барғаны туралы мәліметтер ұсынған. Тергеу нұсқасына сай, ол жерде күдіктінің бизнесі мен бірнеше жылжымайтын мүлігі бар. Сол себепті тергеу осы жағдайларды ескере отырып күдіктінің Қазақстаннан кетіп, қылмыстық жауапкершіліктен қашып кетуі мүмкін екенін де жасырмайды. 

Сонымен қатар тергеу Ташлыковтың қылмыстық процеске қатысып жатқан қол астындағыларға қысым көрсетуі мүмкіндігінің алдын алу үшін де қамауға алуды сұраған. 

Өтініш қанағаттандырылып, күдіктінің қамауда отыруы 19 желтоқсанға дейін ұзартылды. 

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

21 қазан 2017, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.