Атырау, 24 қараша 08:41
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ювенальдық сот жұмысын бастайды

4 095 просмотра

Атырауда таяу арада кәмелетке толмағандардың істері бойынша мамандандырылған сот немесе ювеналдық сот өз жұмысын бастамақ. Бұл жерде тараптардың бірі кәмелетке толмаған тұлға боп табылатын әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер қаралатын болады.

Ювеналдық (ювеналдық – балиғатқа толмаған, жеткін-шек) соттың қарауына жеңіл, орташа және ауыр санаттағы қылмыстар жасады деп айыпталған кәмелетке толмағандардың және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс жасаған тұлғаларды айыптауға қатысты қылмыстық істері жатады. Сондай-ақ, мамандандырылған соттың құзырына кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары – қоғамдық орындарда мас күйде болуы, есірткі заттарын қолдануы, заңды өкілдердің қатысынсыз ойын-сауық орындарында сағат 22-ден кейін болуы және т.б. туралы әкімшілік істер кіреді. Ювеналдық сот өздерінің ата-аналық құқықтарын лайықты орындамайтын ықылассыз ата-аналардың істерін де, сондай-ақ, баланың бостандығы мен құқығын сақтауға, атап айтқанда, кәмелетке толмағандардың ата-аналары ажырасқаннан кейін тұрғылықты жерін анықтау, ата-аналарының құқықтарын айыру мен қалпына келтіру, асырап алу туралы және т.б. даулар бойынша азаматтық істерді  қарайды. 

– Сот процессіне кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері ғана емес, адвокаттар, психологтар, педагогтар, қамқорлық және қорғаншылық органдарының өкілдері де қатыстырылатын болады, – дейді Атырау кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрайымы Балтуған ФАЙЗУЛЛИНА. – Осылайша әр іс жан-жақтан тексерілетін болады. Бұл балаға зиян келтірмес үшін ойланған шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық істерге келер болсақ, мұнда жаза емес, жас қылмыскерді түзелуіне көмек ретінде мақсат қояды. Қазақстандағы заңнамалық дерекқор бұл бағытта жетілдіріле бастады. Мәселен, ҚР Қылмыстық кодексінің 67-бабының 3-тармағының негізінде сот ауыр қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарды, егер ол жәбiрленушiмен татуласса және келтiрiлген зиянның есесiн толтырса, тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шаралары қолданылып, қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.

Алматы мен Алматы облысында жүргізілген төрт жылдық «Қазақстандағы ювеналдық әділет» тәжірибесі - жолға қойылған алдын алу жүйесімен, әлеуметтік қызметтердің белсенді қызметімен қатар ювеналдық сот қызметінің жасөс-пірімдер арасындағы қылмыс деңгейін әжептәуір азайтуға көмектескенін көрсетті.

Атыраудағы ювеналдық әділет қызметінің тиімділігін уақыт еншісіне қалдырайық. Ал әзірге статистика бойынша, 2011 жылы Атырау облысының соттарына кәмелетке толмағандарға қатысты  68 қылмыстық іс келіп түскен. 41 кәмелетке толмағандарға қатысты сот өндірісі тараптардың ымыраласуына байланысты тоқтатылды. Кәмелетке толмаған 38 тұлға сотталды. Оның жетеуі ауыр қылмыс  жасағандары үшін бас бостандықтарынан айырылу түрінде жаза алған.

Тамара СУХОМЛИНОВА

"АЖ" АНЫҚТАМАСЫ:

2011 жылы Атырау облысының соттарына келіп түскен кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық істер төмендегіше бөлінген:

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян тигізу – 3 іс

Ұрлық – 29 іс

Тонау – 18 іс

Алаяқтық – 1 іс

Қарақшылық – 7 іс

Бұзақылық – 7 іс

Есірткіге қатысты қылмыс – 2 іс

18 сәуір 2012, 17:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.