Атырау, 2 қараша 19:33
 бұлттыВ Атырау +11
$ 488.11
€ 530.09
₽ 5.01

Марқұмдар рухын мазаламайық

1 787 просмотра

2012 жылдың 1 қаңтарына жоспарланған ЖИН-ді қолданысқа енгізу 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін кейінге қалдырылды. Себебі – көпшілігі бұрынғыша оны алуға асығар емес. Түсіндірме жұмыстарына учаскелік инспекторлар да жұмылдырылған. Алайда кейде шектен шығып кететін жағдайлар да орын  алады.

-  Маған өзін учаскелік инспектормын деп таныстырған ер адам қоңырау шалып, телефонға ата-анамды шақыруды өтініп, олардың әлі күнге дейін ЖИН рәсімдемегендігіне наразылық білдірді, - дейді «АЖ»-ға хабарласқан Мария СЕЛЕНКОВА.Өте ұнамсыз жағдай еді. Ал инспектор кешірім сұраудың орнына, олардың қайтыс болғандығы туралы куәлікті талап ете бастады. Құжаттардың көшірмесін алып, қайтаратынын айтты. Оларды қандай негізде талап етіп отыр? Егер олар бақилық болған  жандарды іздестіріп жатқан болса, сонда он жыл ішінде олардың дерекқорлары жаңартылмағаны ма?

Түсінік алу үшін ҚІІБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Асхат НҰҒМАНОВҚА хабарласқан едік:

– Бас прокуратураның бұй-рығына сәйкес, учаскелік инспекторлар тізім бойынша ЖИН рәсімдемегендерді тексеріп шығуға міндетті. Атырауда осындай 8 мыңдай адам бар. Қазір инспекторлар мекен-жайларды аралап жүр, тізімдегі көп адамның о дүниелік екені, көпшілігінің тұрғылықты мекендерін ауыстырғаны анықталып отыр. Тексеру 1 мамырға қарай аяқталуы қажет, сондықтан адамдар түсіністікпен қараса екен деймін. Марқұм болған жандардың туысқандарына құ-жаттар тапсырудың қажеті жоқ. Қайтыс болғандығы туралы куәліктің нөмірін хабарласа жеткілікті, қалғанын АХАТ-тан анықтайтын боламыз.

Тамара СУХОМЛИНОВА

18 сәуір 2012, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.