Мақат ауданында ұрлық жасау өсіп барады.
Былтырғы 3 айда 11 ұрлық оқиғасы тіркеліп, қылмысты ашу 95,2 пайызға орындалған. Ал биылғы 3 айда 35 ұрлық жасалып, ашылу деңгейі 15 пайызды құрап отыр.
-Соңғы 2 жылда «Мақат тынысы» газетінің редакциясынан3 рет компьютер тонау фактісі тіркелді. Биылғы ұрлықтың дені компьютерді қолды етумен екшеленуде. Былтыр дүкенге, үйге ұрлыққа түсу өршіп кетіп еді. Біз қазірде қол қусырып қарап отырғанымыз жоқ, іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Ал ұйымдасқан түрде тонаумен айналысатын топ бар деп айта алмаймын, бәрін тергеу барысы көрсетеді,-дейді Мақат ауданы ІІБ бастығының міндетін атқарушы Әбидолла ТЫНЫМОВ.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА