Қызылқоға ауданы «Жасқайрат» ЖШС мақсарыдан май дайындаумен соңғы бес жылдан бері айналысып келеді.
Мақсары өсірілгенімен алынған сұйық май аудан төңірегінен ауыспайтын. Өйт-кені шағын цехтың осыған ғана қуаты жетеді екен. Енді «Жасқайрат» ЖШС-нің бас директоры Төлеген ЖАСИМОВ жол картасы негізінде 180 млн. теңгеге несие алып, май шығару цехын жандандырумен айналыспақшы. Мақсары майының денсаулыққа пайдасы зор, қалдығының өзінен Иранда халуа, ал Түркияда түрлі сабын дайындалады екен. Ал қызылқоғалықтар мақсарының қалдығын малға беріп келеді, жемнің орнына таптырмас азық. Биыл жасқайраттықтар 500 гектарға мақсарыны егуді жоспарлап отыр.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА